Қазақ тілі 1 сынып 4 бөлім «Бізді қоршаған әлем» Постер жасау. «Э» дыбысы мен әрпі САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Бізді қоршаған әлем | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 2.12. .2015 | Мұғалімнің аты-жөні :Cарыева А.Т. | ||||||
Сынып: 1В Пән: Қазақ тілі және әдебиеті | Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақ тақырыбы | Постер жасау. «Э» дыбысы мен әрпі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | Ж4 Өз ойынан мәтін жазу Ж6 Өз көзқарасы негізінде әр түрлі жанрларда мәтін жазу Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында жазу Ж11Грамматикалық нормаларды сақтау Ж12 Пунктуациялық нормаларды сақтау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер (мысалы, «Наурыз құтты болсын» деген жазуы бар постер) мен жарнамалар құрастырады. Сөздерді, сөз тіркестерін,қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып ұқыпты жазады Жай сөйлемдерде сөздерді дұрыс байланыстырып жазады, көптік жалғауларды дұрыс қолданады Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады. | ||||||
Жетістік критерийлері | Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады | ||||||
Сөздік қор | Зәулім үйлер, көрікті жерлер, табиғат аясына, таза, жасыл, әдемі, биік, кең, Қаратал өзені. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқорлыққа тәрбиелеу | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қаланы көркейту туралы әңгіме жүргізу барысында дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асады | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастыра алады. Өтілген әріптерді қатыстырып, сөздер, сөйлемдер жаза алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Оқушыларға үйде жаттаған тақпақты кезекпен айтуды ұсыну. Жарықсың ғой электр, Алыпсың ғой, электр. Сен үйіме келмесең, Мультфильм де көрмес ем. | Ресурстар | |||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Өткен сабақта танысқан мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінді оқытып, сұрақтарға жауап беруді ұсыну. Экскаватор Экскаватор – алып машина. Экскаватормен жер қазады. Тауды бұзып,тасты жарып жол салады. Зәулім үйлер мен құрылыстар экскаватордың көмегімен салынады. Өткен сабақтағы материалды жаңа сабақпен байланыстыру үшін осы алып машинаның көмегімен бізді қаламыздың төңірегінде де, демалу орындағы жөнделіп, көрікті жерлер көбейгені жайлы айтып, бірнеше суреттер көрсету.
Оқушыларды сөйлем құрастырып айтуға жаттықтыру үшін шеңбер бойына отырғызу. Әр оқушы «Сен білесің бе?» деп бастап өзі үйренген мағлұматты айтады. Келесі оқушы «Жоқ білген жоқпын немесе білемін, бірақ сен мынаны білесің бе?» деп басқа мәлімет айтады. Оқушылар өз ойларын толығымен бөліседі. Әр оқушы табиғат аясына шыққанда көргені жайлы айтады. Оқушыларға қаламыздың табиғат аясында көргендерін өзгелермен бөлісу үшін өткен сабақта жасаған постерлерінің негізінде сөздерді, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып жазатындарын айту. Туристік постер үлгісін оқушыларға көрсету. (МК,Т,Ұ,Ө) Қалай жазу керектігін көрсету үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану. Сұрақ белгілерін, нүкте, леп белгілерін қолдануды үйрету. «Бірлесіп жазу» әдісінің кезеңдері:
Оқушылар топпен жұмыс істейді. «Біздің ғажайып табиғатымыз» тақырыбына жасаған постер бойынша жазылымды орындайды.. Деңгейлері жоғары оқушылар қосымша мәліметтер жаза алады. Қалғандары жай сұраққа жауап жазады. Жер-су және адам аттарын дұрыс жазуларын қадағалау. Оқушылар сөйлемдерін шимай параққа жазып, соңғы нұсқасын таза дәптерге жазады. | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақты қорытындылау
| ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Жазу барысында жазылым дағдысы төмендеу оқушыларға жаңадан үйренген дыбыстарды қайталауға мүмкіндік беру. Деңгейлері жоғары оқушылар қосымша мәліметтер жаза алады. Қалғандары жай сұраққа жауап жазады. | Оқушылардың жазған сөз тіркесі/сөйлемдерін жоғары көтеріп, көрсетуді сұрау барысында бақылау арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы, смайл беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін ұйымдастыру | |||||
досың болса ол әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады, татулық, достық, көмек көрсету, шыншыл болу, достық қымбат, бірге ойнау,серуендеу.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.