Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Отбасы құқығы институттары

Мектеп:

Күні:

Сынып: 11

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері

Сабақтың түр

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарлама-сына сілтеме)

11.3.4.4 - алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

 Сабақ мақсаттары

  • отбасылық қатынасқа сипаттама беру үшін әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттар бойынша қорытынды жасайды;
  • оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізген әсерімен танысу және тарихи оқиғаға баға бере алу;
  • ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту;

 Бағалау критерийлері

Білу мен түсіну: отбасылық құқық қатынастарды анықтайды;

Қолдану: алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық құжат түрлері арқылы саралайды;

Сыни ойлау және зерттеу:

алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • «ҚР Неке және отбасы туралы кодексі», «ҚР бала құқықтары туралы заңы» құжаттарға венн диаграмма жазады (Жазылым дағдысы)
  • Кейс технологиясы негізінде проблемалық жадаяттарды талдайды (жазылым дағдысы)

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Отбасы деген (...)

Отбасы құндылығы (...)

Құндылықтарды жаңғырту үшін (...)

Отбасындағы ата-ананың ролі жоғары, себебі (...)

Неке мына жағдайларда (...) тоқтылады.

Неке мына жағдайларда (...) сот тәртібімен бұзылады.

Неке мына жағдайларда (...) жарамсыз деп табылады, себебі (...)

Балалар құқығы туралы Конвенциясында (...) көрсетілген.

Конвенцияның бұл тарауы маңызды, себебі (...)

Балалар құқығын отбасында және қоғамда сақтау маңызды, себебі (...)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Отбасы
  • қоғам бірлігі
  • тәрбие
  • некенің тоқтатылуы
  • ұлттық құндылық
  • некенің бұзылуы
  • некенің тоқтатылуы
  • некенің жарамсыздығы
  • алименттік міндеттер

 Құндылықтарды

 дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:

Оқушылардың еліміздің ұлттық дамуы және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Мектептердің құндылығы:

Оқушылар бойындағы жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор немесе берілген мәтіннен қажетті мәліметті ала алады.

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

Оқушыларға картина көрсетіліп, келесідей сұрақтар қойылады:

  • Алименттік қатынастар субъектісі кім болып табылады?
  • Алименттік жағдай қалай пайда болады?
  • Алимент төлемеу қандай салдарға әкеліп соғады?

Мақсат галереясы әдісі арқылы әр топ оқушылары өз мақсаттарын ұсынады. Кейін оқу мақсатымен сәйкестендіріледі.

Бағалау критерилерімен танысады.

Мағынаны тану кезеңі

Сабақтың ортасы

10-30 мин

30-40 ми

40-55 мин

55-75 мин

«Екі түрлі күнделік» әдісі арқылы алименттік қатынастардың мағынасын ашады.

Құжаттан үзінді

Өз ойым

Кәмелетке толмаған баланың алимент алу құқығы бала бұл қаражат көзін қажет еткен,етпегеніне қарамастан жүзеге асады.

Кәмелетке толмаған баларға қатысты төленетін алименттік міндеттеме:

―Баланың өмір сүруін қамтамасыз ететін қаражат көзі;

― Мақсатты көздерге,яғни баланы асырап – бағуға жұмсалады;

― Ай сайын тұрақты төленеді;

― Қымбат бағалы мүлкі,басқа қаражат көздерінің болғандағына қарамастан төленеді;

― Ата - ана құқығынан айрылған,шектеген жағдайлардың барлығында төленеді;

― Қасақана орындалмау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын міндеттеме болып табылады;

Ата-аналардан жасы толмаған баларға мынандай мөлшерде алимент өндіріп алынады. Егер отбасында бір балаға бола, ата-ана табысының, басқа да кірістерінің төрттен бір бөлігі, екі балаға - үштен бір, үш және одан көп балаға-тең жартысы өндіріліп алынады.

Ата-ананың табысынан және өзге де кірістернен үлестік қатанаста алимент өндіру мүмкін болмаған жағдайда сот тұрақты ақша сомасында алимент мөлшерін белгілеуге құқылы. Мұндай жағдайларға:

1.үнемі алынбайтын өзгермелі табыстар (шығармашылықпен айналысатын адам немесе кәсіпкерлер болмаса);

табыстарын немесе өзге де кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-аналар, т.б. Ақша қаражаты шетел валютасы немесе басқа табысы жоқ адамдар жатады

Ерлі-зайыптылардың арасында да алименттік міндеттемелер болады.

1.Еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайдың (зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, I, II топтағы мүгедектер).Заңға сәйкес екінші жұбайдан алимент талап етуге құқығы бар.

2.Жүкті кезінде және ортақ баласы туылғаннан бастап үш жыл бойы баласын тәрбиелеп отырған ананың да алимент талап етуге құқығы бар.

3.Ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайдың бала 18 жасқа толғанша.

4.Неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған жұбайдың алимент алу құқығы болады.Алимент өндірудің мұндай түрі, әдетте , ұзақ уақыт бойы отбасында бірге өмір сүрген ерлі – зайыптыларда пайда болады.

Алименттік міндеттерді тоқтату

1.Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік міндеттмелер сол келісімнің мерзімі біткенде, тараптардың біріеуі қайтыс болғанда тоқтатылады.

2.Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу

  • бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін иеленгенде;
  • асырап - бағу үшін алимент өндіріп алушы бала асырап алынғанда;
  • сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылды деп танылғанда;
  • жұбайының көмегіне мұқаж болып келген алимент алушы жұбай жаңа некеге тұрғанда;
  • алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

Сынытық жариялым жасау арқылы оқушылар бірін-бірі тексереді.

Талдау және бағалау.

Отбасы қатынастары аясында мәселелік жағдаяттарды шешу. (Қосымша 1)

Сыныптық пікірталас ұйымдастырылып оқушылардың сабақ барысында алған білімдері негізделеді.

«Алимен төлеу құқық па әлде міндет пе?»

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.

Сабақтың соңы

75-80 минут

Қорытындылау

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қорытындылау мақсатында оқушылардың қабілетіне қарай жеке тапсырмалар ұсыну, оқушылардың өздеріне таңдауға беру

Өзіндік рефлексия бірінші ұсынылған форматта немесе екінші форматта жүргізу мүмкіншілігі бар(мұғалімге қажет ақпарат оқушылардың қиналған тапсырмалары және жеке жетістіктері)

АКТ-ның пайдалану уақыты шектеулі,сергіту тапсырмалары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды ма, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары,ОМ қол жеткізу,саралау тапсырмаларын талдау мүмкіндігі.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру