Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2 D Некені қию және тоқтату жолдары

Мектеп: НЗМ Ақтау қаласы.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жеткизгенова М.Т.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.4.4 алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

Сабақ мақсаттары

Алименттік қатынастардың субъектілері мен алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін анықтау

Бағалау критерийлері

  • Алименттік міндеттемелер мен олардың тоқтатылу жолдарының 2 кем емес түрін анықтайды;
  • Алименттік есептеулердің 3 кем емес түрін ажырата алады;
  • Алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін 1 кем емес құқықтық жағдаяттар мысалында анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

«СИНКВЕЙН» (Бес жол) әдісімен мәтінді талдауда әр топтар берілген сөздер мен сөз тіркестерінің кем дегенде екеуін қолданады.

1-топ. алименттік міндеттемелердің өзіне тән белгілері,субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы, сот шешімі;

2-топ. алименттер мөлшері, айлық жалакы, үштен бір бөлігі, тең жартысы мөлшерінде, төрттен бір бөлігі, ай сайын төленуге тиісті тұрақты ақша;

3-топ. кәмелетке толмаған балаларға, ата-аналардың өздері анықтайды, 18 жасқа, 3 жыл ішінде, еңбекке жарамсыз мұқтаж  ерлі-зайыптының бірі;

4-топ. кәмелетке толуына байланысты тоқтатылады, көмекке мұқтаждығы өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті, тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтар:

- құрмет

- отбасы

- көшбасшылық

- төзімділік

- бостандық

Пәнаралық байланыстар

«СИНКВЕЙН» (Бес жол) әдісімен жұмыс жасағанда, қазақ тілі пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі

Бастапқы білім

Неке және отбасы ұғымдарын түсіндіре алады, біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

М. Сабақ тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға берілген сурет бойынша болжатып, жетелеуші сұрақтар қойыңыз.

  • Отбасындағы келіспеушіліктердің соңы неге әкеп соқтырады?
  • Алименттік қатынастар неліктен туындайды?

Сұрақтар арқылы өз ойларымен бөлісіп жаңа сабақ тақырыбын сыни тұрғыдан ойларын біледі.

Оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерімен таныстырыңыз (оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет).

Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені талқылауды ұсыну

№ 1-3 слайд

Сабақтың ортасы

15 мин.

Таныстыруға әр топқа 1,5-2 минуттан

Т. «Синквейн»

Оқушылар «Синквейн» (Бес жол) әдісі арқылы мәтінді талдайды.

1-топ: Алименттік міндеттемелер

2-топ: Алименттерді есептеу тәртібі 

3-топ: Алименттер кімдерге төленуі тиіс?

4-топ: Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.

Топтар сынып алдында мәтінді қысқаша түсіндіреді.

«СИНКВЕЙН» (Бес жол) әдісі:

  • Тақырып. 1 зат есім.
  • Тақырыпқа қатысты 2 сын есім.
  • Әрекетті білдіретін 3 етістік.
  • Негізгі ұғымды білдіретін 4 сөзден тұратын бір сөйлем
  • Тақырыпқа синоним.

Дескриптор:

  • Алименттік міндеттемелер мен олардың тоқтатылу жолдарының 2 кем емес түрін анықтайды;
  • Алименттік есептеулердің 3 кем емес түрін ажыратады.

ҚР Неке және отбасы кодексі

№ 5 слайд

№ 1 қосымша

№ 6 слайд

10 минут

Т/Ж «Кейс» технологиясы.

Әр топ немесе жұп «Кейс» технологиясы негізінде берілген проблемалық жағдаяттарды шешеді.

ҚР заңына сүйене отырып, мәселелердің шешу жолдарын ұсынады.

Дескриптор:

  • Алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін 1 кем емес құқықтық жағдаяттар мысалында анықтап, шеше алады;
  • Жағдаятты шешуде ҚР «Отбасы және неке» кодексіне сүйенеді.

№ 7 слайд

№ 2 қосымша

5 минут

Сабақтың соңы

5 минут

Ж. Айтылған ойды кеңейту.

Алынған білімді көрсету үшін ойды кеңейтіп көрсетеді, соңында нақты әрі мағынасы терең сөйлем шығуы қажет.

Рефлексия:Әлі де түсініксіз сұрақтар тізімін жаз.

Оқу процессін қиындатқан басқа оқушылардың іс-әрекеттерін ата.

№ 8 слайд

№ 9 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралаудың шығармашылдық қағидасы арқылы қабілеті баяу оқушылар – тақырып аясында бірегей қатысуы қадағаланды.Сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өз ойын білдіре алды, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап берді.

Мұғалім сабақта орындалған тапсырмалардың сапасы туралы пікір білдіреді. Кемшіліктерді түзету туралы кеңес береді. Сабақта белсенді жұмыс жасаған оқушылардың еңбектерін атап өтіп, А,В,С деңгейдегі білімалушыларды анықтайды.Топтық жұмыста білім алушылар топтық бағалау жүргізеді.

Сынып кабинеті алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған.

Сабақ барысында сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері бағытталған.

Қауіпсіздік техникасы оқушылардың денсаулығына қауіптілік тудырмайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру