Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 - сабақ
Адам құқықтары түсінігі Сабақ тақырыбы: Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері 10 сынып |
| |||||||
Оқу мақсаты | 10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени); | |||||||
Сабақ мақсаты | Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын жіктеу | |||||||
Бағалау критерийлері | Қолдану:
| |||||||
Тілдік міндеттер | Тілдік мақсат Оқушылар:
•Пәнге қатысты лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Адам құқығы/ бостандығы, ол ... Адам құқықтары сақталады: ... ҚР Конститутциясының негізінде адам құқықтарның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени бағыттары маңызды, себебі ... Қазақстанда адам құқықтары сақталады, өйткені ... Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығы ... | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Жалпы адамзаттық құндылықтын дарыту топта жұмыс істеу арқылы жүзеге асады; Адамның жеке азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге, ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына байланысты екенін түсінуі. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталы материалдарын пайдалану | |||||||
Алдыңғы білім | Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Құқық негіздері» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар. | |||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Дерек көздері | ||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Ой шақыру. Адам құқықтарының бұзылуы жайлы суреттер топтамасын ұсынып, сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа шығамыз. Оқу мақсаттарымен таныстырып, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге шығаруға болады. Т (топтық жұмыс). Мұғалім оқушыларға ҚР Конституциясының адам және азамат бөлімінен үзінді таратады. Оқушылар адам құқықтарын саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени бағыттары бойынша ҚР Конституциясының баптарын жіктейді. Нәтижесінде постер арқылы немесе таратпа материалдың өзінде белгілеуге рұқсат етілген. 1 топ – саяси құқықтар мен бостандықтар 2 топ – әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар 3 топ – экономикалық құқықтар мен бостандықтар 4 топ – мәдени құқықтар мен бостандықтар Дискриптор: Оқушы ҚР Конституциясының баптарымен жұмыс істеу арқылы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктейді (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени) және адам мен азаматтың міндеттерін ажыратады. Б. Дайын материалды сынып алдында спикерлер қорғайды Ф. (материалды бекіту және өзін-өзі бағалау мүмкіндігі). Үй жұмысы. «Құқықтың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени бағыттарына » 2 мысал келтіру. | Презентация http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_ | ||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс:
| Стикерлер, ауызша жауаптар | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ны қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | ||||||
Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын. Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді. Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру