Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 3 - сабақ
Құқық негіздері пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам | Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенов М.Қ. | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру; 10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени); 10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт); | ||||||
Сабақ мақсаттары | Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі мәнін ашу | ||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну Адам және азаматтың құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіреді Қолдану Адам құқықтарын саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени бағыттары бойынша ҚР Конститутциясының баптарын жіктейді | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты терминология
Адам құқығы/ бостандығы, ол ... Адам құқықтары сақталады: ... ҚР Конституциясының негізінде адам құқықтарының саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени бағыттары маңызды, себебі Қазақстанда адам құқықтары сақталады, өйткені ... Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығы ... | ||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||
Пәнаралық байланыстар | Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары | ||||||
Бастапқы білім | Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Құқық негіздері» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-05 мин | Б «Декларация» ұғымымен «Пакт» ұғымдарының айырмашылығын сұрап бүкілсыныптық талқылау жүргізу | http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000087_ Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы | |||||
Сабақтың ортасы 05-37 мин 05-37 мин | Т Сыныпты үш топқа бөліп, төмендегі тақырыптардың негізінде интеллект карта жасауға тапсырма беру: 1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт 3. Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт Әр топ өз карталарын сынып алдында қорғайды ҚБ Топ жұмысын бүкіл сынып оқушылары «бас бармақ» арқылы бағалайды. Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына «Ашықтық», «Еңбек және шығармашылық» атты мемлекет құндылықтары дарытылады. | Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл. Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007. Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы. Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А. Құқық негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Нұр-пресс, 2008. Ибраева А. Заң терминдерінің қазақша- орысша және қазақша- орысша түсіндірме сөздігі. Алматы, 1996 | |||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз. Рефлексия Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды Маған ... бұл болашақта қажет болады Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды | Слайд | |||||
Саралау Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. Топтық жұмыста қабілетті оқушылар басқа оқушыларға кейбір терминдер мен ұғымдарды түсіндіру, жағдаяттарды талдау жұмыстарын жүргізеді. | Бағалау Бағалау критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау. Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру