Азаматтық құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқық негіздері, 9 сынып. Дидактикалық материал.


АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

«Азаматтық құқық» атауы ежелші уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді (jus civile) құқық деп атаған.

Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды.

Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттін өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.

Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік әмес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.

Мүліктік емес жеке қатынастар Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді.

Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:

а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар – ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі теңдігімен сипатталады;

ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті (АК-тің 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды тандауына мол мүмкіндік жасалады;

б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігінтаңдауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі). Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері қолданылады;

в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.

Азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу