_Мемлекет және құқық._Азаматтық - құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктерді туындатады? Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.


Оқу мақсаты: азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдап, жауапкершіліктерін анықтау.

Міндеттеме- құқықтық қатынастар және міндеттер. Міндеттеме заңға және шартқа сәйкес орындалуы тиісті. Егер борышкер пайдалану үшін үш бөлмелі пәтер ұсынуға міндеттенсе, ол оны беруге міндетті.

Шарт- екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімдерді шарт деп танылады. (АК 378 бап).

Борышкер- міндеттемеге сай бір адам белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға тиіс. Ол борышкер деп аталады. Мысалы, несие беруші борышкерден міндеттеме мазмұнында көрсетілген әрекеттерді жасауды талап етуге құқылы: ақшаны қайтаруды, белгілі жұмыстарды орындауды, ақша төлеуді және т.б. қамтиды.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік- Азаматтық құқықта көзделген жауапкершілік азаматтық-құқықтық жауапкершілік деп аталады. Көп жағдайда шарттың бұзылуы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдануға себеп болады. Оның бұзылуы салдарынан мүліктік залал (зиян) келеді. Залал (зиян) келтірген адам оның орнын толтыруға тиіс. Көп жағдайда мүліктік зиян келтіріледі. Ол мүліктің жоғалуынан немесе зақымдануынан, жәбірленушінің шығынынан, ол ала алмаған кірістерден құралады. Жауапкершілік шарасы ретінде айып төлеуге қолданылуы мүмкін.

1 тапсырма: берілген ұғымдарға мысал келтіріңіздер. Әр ұғымға қатысты кемінде 1 мысаладан келтіріңіз.

Дескриптор: оқушылар кестеде берілген ұғымдарға мысалдар келтіреді.

Ұғымдар

Мысалдар

Міндеттеме

Шарт

Борышкер

Азаматтық құқықтық жауапекершілік

2-тапсырма: берілген жағдаяттарды талдаңыз.

Дескриптор: берілген жағдаяттарды талдап жауапкершілік түрін анықтайды.

1-жағдаят

2018 жылдың 6 қаңтары күні Қостанай қаласының тұрғыны Қанат жиһаз сататын «Мебель град» сауда үйінен жиһаз сатып алған. Жиһаз сатушы жасалған шарт бойынша Қанатқа жиһазды 2018 жылдың 10 қаңтарына дейін жеткізуі тиіс болған. Бірақ жиһаз қоймада болғандықтан, сатушының көлігі болмай, кешіктіріп жеткізген.

Борышкер өз міндеттемелерін уақытында орындады ма?

Бұл мәселе қалай шешіледі?

2-жағдаят

Ерболат Алмасқа 20000 теңге қарыз берген. Бірақ оны қашан қайтару керектігін айтпаған. Ерболат бірнеше күн өткен соң қарызын қайтаруды талап еткен. Ал Алмас болса Ерболатқа әлі жалақы алмағандығын айтады.

Алмастың міндеттемелерін орындау мерзімі көрсетілген бе?

Алмас қарызын қашан қайтаруы тиіс? Жауапкершілік түрін анықтаңыз.

3 тапсырма: Азаматтық кодексінің баптарын пайдалана отырып, шарт түрлерін және тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтаңыз.

Дескриптор: Азаматтық кодексінің баптарын пайдалана отырып, шарт түрлерін және тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай алады.

Шарт түрлері

Тараптардың құқықтары

Тараптардың міндеттері

Мысалдар

4 тапсырма: «Азаматтық-құқықтық қатынастар қандай міндеттемелерді туғызады?» атты тақырыпқа шағын эссе жазыңыз ( 80-100 сөз).

Дескриптор: «Азаматтық-құқықтық қатынастар қандай міндеттемелерді туғызады?» атты тақырыпқа шағын эссе жаза алады.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау парағы

Критерийлері

Қажетті білімнің меңгерілуі

Жаңа ұғымдарды қолдану

Проблемалық жағдаяттарды талдай білу

Өз ойын дәлелдер мен дәйектер арқылы білдіру

Конструктивті сұрақтар қоя білу

«+/-»

Қосымша -талдау шаблоны:

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің себептері

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің салдары

Мысалдар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру