Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ: № 2

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Есенжолова А.О.

Сынып:11L1

Қатысқан оқушы саны: 24

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырып/бөлімі:

1-бөлім. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.

Ғасырлық туынды 1-2 - кітап

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

Сабақ мақсаты

  • Роман-эпопея жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау, автордың композиция құрастыру шеберлігіне өз көзқарасын білдіру

Бағалау критерийлері:

  • Композициялық ерекшеліктердің шығармадағы көрінісін талдау;
  • Роман-эпопея композициясын шебер құрастырудағы автор шеберлігіне өз көзқарасын білдіру

Дескрипторлар:

  • Тараулардың сюжеттік-композициялық жоспарын анықтайды;
  • Роман-эпопеядағы композиция элементтеріне /тартыс, лирикалық шегініс, пейзаж/ шығармадан мысалдар келтіреді, олардың автор идеясын ашудағы рөлін анықтайды;
  • Роман-эпопея композициясын шебер құрастырудағы автор шеберлігіне өз көзқарасын білдіреді.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, өнер пәндерімен байланысады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, бейнематериал көру

Тілдік мақсаттар

Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту, әртүрлі мақсаттарда жазылатын жазба жұмысына сәйкес стильді таңдай білуге бағыттау.

Пән лексикасы және терминология: композиция, сюжеттік-композициялық жоспар, тартыс, лирикалық шегініс, пейзаж.

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: сюжет, фабула, композиция, сюжеттік даму т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл бөлім нәтижелі қарым-қатынас білімі мен түсінігін кеңейте отырып, 10-сыныпта дамытылған тілдік дағдыларды жалғастырады және өткен сыныпта оқыған бөлімдермен байланыс жасалады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

http://www.youtube.com/watch?v=ov3gg_6TjjU

Оқушылар жоғарыдағы сайттан «Абай жолы» романы жайлы 15 дерек» көреді, өзара пікір алмасады.

Слаид материалдары

Сабақтың ортасы

40 мин

Мағынаны тану

Оқушылар сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.

Миға шабуыл ЖЖ.

Оқушыларға төмендегі деректер таратылады, олар көз жүгіртіп оқып шығады.

І том /1-2-кітап/

Тараулар

Қысқаша мазмұны

  • Қайтқанда

13 жасар Абай ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып Барлас пен Байкөкше келеді.

  • Қат-қабатта

Елдегі көш-қон. Жер дауы кезінде Бөжейге дүре соғылады.

  • Жолда

Бөжей мен оның жақтастары Құнанбайдың үстінен ұлыққа арыз жазды. Абай Қарқаралыға сапар шегеді. Қарқаралыда Шөже ақынды көреді. Алшынбай Кәмшатты бергізу арқылы Құнанбай мен Бөжейді татуластырады. Бөжей іштей риза болмайды.

  • Шытырманда

Абайды әкесі жер, қыстау бөлу сияқты мәселелерге араластырады. Абай Түйеөркеште Тоғжанды кездестіріп, ғашық болады. Кәмшат қайтыс болады. Көп ұзамай, Бөжей де өмірден өтеді..

  • Бел- белесте

Жігітек, Көтібақ, Бөкенші мен Ырғызбай рулары арасында 3 күнге созылған шайқас болады. Құнанбайдың үстінен арыз түсіп, Чернов деген шенеуніконы алып кетеді. Құнанбай орынбасары Майырды араққа тойғызып, арыздарды жаққызып жібереді. Тоғжан мен Абай кездеседі.

  • Өрде

Ұлжан Алшынбай ауылына құдалыққа барады. Абай Бөжей асына атсалысады. Абай Тоғжанмен соңғы рет кездеседі.

  • Қияда

Абай 16 жасында әке атанады. Елде жұт болады. Абай халыққа қамқорлық көрсетеді. Зере қайтыс болады. Балағаз бен Абылғазы жылқы ұрлайды. Сайлауда Тәкежан болыс болады. Ұрылар ұсталып, Үркітке айдалады.

1-тапсырма ТЖ.

1-топ

  • Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог кездеседі. «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда» тарауларының қысқаша сюжеттік-композициялық жоспарын құрастырыңыздар.

2-топ

  • Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог кездеседі. «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» тарауларының сюжеттік- қысқаша композициялық жоспарын құрастырыңыздар.

3-топ

Ұсынылған теориялық материалды оқи отыра, «Абай жолы» роман-эпопеясындағы баса назар аударатын проблемалық тартыстарға шығармадан мысалдар келтіріңіздер, автор идеясының тартыс арқылы шығармада көрініс беру шеберлігіне талдау жасаңыздар.

Тартыс ( конфликт лат. сonfliktus- қақтығыс) – көркем шығармадағы сюжет желісіне арқау болатын, айрықша шиеленіскен түрде көрініс беретін қақтығыс, қайшылық, күрес. Көркем шығарма қаһармандары арасындағы қайшылық, тартыс олар-қарым–қатынасы, іс-әрекеттері, әр қилы көзқарастарынан көрінеді. Эпикалық прозадағы тартыс көбіне қиыншылығы мол оқиғалардың шиеленісі арқылы беріледі. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясындағы негізгі қайшылық, шығармаға арқау болған күрес-тартыс туралы айта келіп: «Үлкен қоғамдық шындықты – ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығы күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болады» дейді. Бұдан адам мен адам тартысы ғана емес, өтіп бара жатқан дәуір мен жаңа заман арасындағы қарама-қайшылық та үлкен шығармалардың арқауына айналмақ. Өмірде ескі мен жаңаның, жақсылық пен жамандықтың күресі бітпек емес. Әртүрлі қайшылық, қарама-қарсылық қақтығыстар өмірде үнемі туып отырады. Сондықтан көркем өнерде бұл жағдай шығармалардың тартыс өзегіне негіз болатын алғы шарт іспетті.

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы баса назар аударатын проблемалық тартыстар:

1/ күндестік, бақталастық;

2/ дала шонжарлары мен халық бұқарасы арасындағы тартыс;

3/ рулық тартыс;

4/ әкелер мен балалар проблемасының көрінісі;

5/ екі ұрпақтың, ескі мен жаңаның тартысы.

4-топ

Берілген теориялық материалға сүйене отырып, лирикалық шегініске шығармадан мысал келтіріңіздер, автордың ойы мен сезімінің лирикалық шегініс арқылы шығармада көрініс беру шеберлігіне талдау жасаңыздар.

Эпикалық шығармада жиі кездесетін композициялық бөлшектердің бірі – лирикалық шегініс. Лирикалық шегініс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі.

Кейде лирикалық шегініс арқылы жазушы кейіпкерлер мен олардың әрекетіндегі өзінің бағалануына ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын аударуға, әсерлілігін арттыруға ұмтылады.

Кейде бір кейіпкерлерге бағытталған лирикалық шегініс басқа бір кейіпкердің ой-сезімімен астасып жатуы мүмкін, бірақ оқырман бұл үлгідегі лирикалық шегіністі де автордың ой мен сезімнің көрінісі деп қабылдайтыны белгілі.

Кейде автор лирикалық шегіністі өз шығармасының сипаты мен міндетін хабарлау мақсатында пайдаланады.

5-топ

  • Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешімі сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог кездеседі. «Қат-қабатта», «Жолда» бөлімдерінің сюжеттік жоспарын құрастырыңыздар.

6-топ

Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жазушы кейіпкердің жан күйзелісі немесе кейіпкер сезімінің ішкі толқындарын оқырманға терең жеткізу үшін табиғат суреттерін, яғни пейзажды пайдаланады. «Абай жолы» романында кейіпкердің жан дүниесін табиғат суреттерімен астастыра отырып, жазушының образ жасау эпопеядан шеберлігіне мысалдар келтіріңіздер.

2-тапсырма. Ж.

«Ашық микрофон»

Эпопеяның өн бойында Абай оңаша күйде, екеуара, топ ортасында, мәжіліс үстінде, әрекет-күрес басында, қолма-қол шайқаста, бір қуаныш, бір қайғыда, барлық болмысымен толық ашылып, оқырман назарына түседі. М.Әуезовтің әлемге әйгілі туындысы туралы, романның басынан аяғына дейін характерлік даралығымен толық ашылатын бас кейіпкер Абай бейнесі жайлы қандай ой қорыттыңыз? Өз ойыңызды «Ашық микрофонда» ортаға салыңыз.

Типтендіру (грек. typus – үлгі) – әдеби туындыда кейіпкердің мінез ерекшелігін белгілі бір қоғамдық топқа тән белгі, нышандар арқылы көрсету. Көркем шығармадағы типтік бейнелер белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі, тарихи дәуірдегі қоғамдық дамудың негізгі, шешуші сипаттарын көркем жинақтау тәсілі негізінде танылады. Әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау (обобщение) тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады.

Эпикалық образкескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілі әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар, кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен көруге, қимылын бақылауға болатын, өскен ортасын күллі ой-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман. Эпикалық образ – бедерлі бейне, әрі нақты, әрі мықты тұлға.

https://www.youtube.com/watch?v=Y5Bs8HV_8P4

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта не ұнады?
  • Не ұнамады?
  • Бүгін не білгіңіз келіп еді, мақсатыңыз орындалды ма?
  • Алдағы уақытта не жайында көбірек білгіңіз келеді?
  • Өзге де толғандыратын сұрақтар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.