І.Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

І.Есенберлин «Қаһар» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А/И3 Көркем шығарманың тілі

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау;

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:

Оқушылардың көбі:

Оқушылардың кейбірі:

Бағалау критерийлері

Құндылықтар

Оқушыларға бір-бірін сыйлай білу,елін,жерді сүю құндылықтарын дарыту

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

отаршылдық, ел билеу, көш, тәуелсіздік үшін күрес т.с.с

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша...;

Салыстыра қарғанда...;

Өмірмен байланыстыратын болсам...;

Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын құру

«Жақсы сөз-жарым ырыс» бір-біріне жақсы тілек айту

1,2,3,4 сандары арқылы топқа бөлу

Сабақтың мақсатын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

7 минут

1-тапсырма

Жұптық жұмыс . «Қаһар » романын оқығаннан кейінгі пікіріңіз.

«Қосу» (+) «Несі ұнамды?» сұрағына жауап беретін дәлелдер табыңыз.

«Алу» (-) «Несі ұнамсыз?» сұрағына жауап беретін дәлелдер мен ойларға мысалдар келтіріңіз.

«Сұрақ белгісі» (?) - «Несі қызық?» сұрағына жауап беретін дәлелдер мен ойларды дәлелдеңіз.

Жұптық бағалау

Дескриптор

  • Өз көзқарасына дәлелді жауап береді
  • Шығрамадан нақты мысал келтіреді

2- тапсырма: Топтық жұмыс

1-топ

Романнан жазушы қолданған теңеулерді (кемінде 10) табыңыздар. Теңеулердің жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар.

2-топ

Шығармадан жазушы қолданған эпитеттерді табыңыздар. Эпитеттердің жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар.

3-топ

Шығармадан жазушы қолданған метафораларды табыңыздар. Метафоралардың жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар.

4-топ

Шығармадан жазушы қолданған портреттеу мен мінездеулерді табыңыздар. Портреттеу мен мінездеулердің жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар.

5-топ

Шығармадан жазушы қолданған пейзаждарды табыңыздар.Пейзаждардың жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар.

Бағалау

Топтар «Шапалақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

1 шапалақ: ұнамайды

2 шапалақ: жақсы

3 шапалақ: тамаша

«Еркін микрофон» әдісі

1.Романның тіл байлығынан алған әсеріңіз?

2.Күнделікті қарым-қатынаста романның тіл байлығынан үйренген қандай сөздерді қолданар едіңіз?

3.Автордың тіл шеберлігін қалай бағалайсыз?

Дескриптор:

  • Ойын нақты мысалдармен дәлелдейді
  • Автордың көзқарасын нақты, дәлелелді анықтайды

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

1-топ. Үзіндіде суреттелген көш қайда бет алды деп ойлайсыздар? Сейтен мен Ожарды суреттегенде автор қандай көркемдегіш құралдарды пайдаланған? 1-2 мысалмен дәлелде.

Көш жүрісі шұғыл. Пысқырған жылқы, анда-санда боздаған түйе. Үстіне қауырт келіп қалған мал тұяғынан сасып, қияқ пен ши түбінен пырылдай ұшқан бөдене мен жапалақ.

Асыға қимылдаған қыруар ел ылдидағы масағы кере қарыс қалың балқурай көмкерген айдын көлге қарай беттеді... Таң әлетінен жау қуғандай жөңкіген жұрт бір жаманатты аңғартқандай. Оларды қоршауға алып суыт келе жатқан сойыл-шоқпар ұстаған жүзден артық ер азаматтар тобы бар. Бәрінің де астында сүмбілдей сәйгүлік жүйрік, шайқала ырғалған жорға. Түстері суық. Шекпен-шапандарының етек-жеңі түріңкі. Бұлардың ішінде қайыңның безіндей берік, қазан тастай шомбал, төртпақ келген біреу ерекше көзге түседі. Астында есік пен тердей, ай табанды жайма жал қара көк айғыр. Тақымында келте шоқпар, қарына темір бауырлы қайың сойыл ілген. Үлкен өткір қара көзді, ұзын, қою қара мұртты адам. Таңмен бірге ашыла түскен қара сұр жүзі ақ сұпыдай. Бұл осы көштің осы көштің басшысы, Баянауылдағы Қаржастан шыққан Азнабай ұлы Сейтен. Қазіргі беті Балқаш көлінің маңындағы кең алқап. Ал арғы мақсаты осыдан үш жыл бұрын Алтын, Алтай, Тоқа, Уақ руларының қырық мың шаңырағын ертіп Қоқан Хандығы қарауындағы Сыр бойына өтіп кеткен Қасым төренің балалары Есенгелді, Саржанға қосылу. Сейтенмен үзеңгілес түксиген қабақты, кескен томардай келте қара сұр жігіт келеді. Сары ала қынапты қисық табан келте қылыш тағынған. Кісі өлтірген адамдай түсі зәрлі. Бұл Қубет ұлы Ожар. Бір кездегі барымтаға да, жауға да қатар шапқан Сейтеннің үзеңгілес досы. Соңғы үш-төрт жыл ішінде Ақмола аға сұлтаны Құдайменденің Қоңырқұлжасының қасында болып, жақында ғана өз еліне қайтып келген.

2-топ. Үзіндіден қандай ой түйдіңдер?Ата- бабамыздың аңсаған тәулсіздік үшін күресі,заман көрініс қалай суреттелген?

— Әйткенмен, қалауын тапса қар жанады,— деді Ожар қайтадан үн қатып.— Ақ патшаның да тілін таба білген жөн. Осыдан екі жыл бұрын көктемде Қараөткелдің аға сұлтаны Құдайменденің Қоңырқұлжасы қазақтар балаларымызды сыпайға — солдатқа алады деп сескенетінін арыз етіп Петрборға барғанында, патша ағзамның өзі қазақ жігіттері еш уақытта да сыпайға алынбайды деп бұзау терісіне мөрін басып уағдасын жіберген жоқ па?

«Осының өзі қай соқпаққа апара жатыр?»—деп Сейтен тағы да сезіктене қалды. Сөйтсе де:

— Бұзау терісі емес, бұзау терісінен істелген қағаз десетін. Қап-қалың болатын, өзім көргем,— деді ол жайбарақат.— Сол қағаздан кейін аға сұлтан Қоңырқұлжаның қадірі ұлан-асыр өсті. Соның арқасы ғой бұ күні қалың арғынды шашау шығармай ұстап отырғаны. Үйірін бермес осындай бір марғасқа айғырлар болатын.— Сейтен сәл үндемей қалды да, күрсіне қайта сөйледі,— жиырма мың жылқы айдаған Құдайменде баласы ондай қағазды алудың бір амалын тапқан шығар. Бірақ ақ патша әділетті болса Қасым төренің арызын неге тыңдамапты?

— Қандай арызын?

— Қасым төре қазақ жеріне бекініс салып, пірказ құруды тоқтатуын талап етіп осыдан он жыл бұрын қағаз жазған жоқ па? Одан не шықты? Жауап берудің орнына жерімізге әскер үстіне әскер төкті. Ақмола, Аякөз, Баян» ауыл өкірігінің кіндік ортасына Ақтау бекінісін сала бастады. Бұнысы енді бүкіл Арқаны қанды шеңберіме аламын дегені емес пе? Осыны сезген Қасым тере Қоқан хандығына қарай ауысты ғой. Ондағы ойы Сыр бойындағы қалың қазақты Абылайдың ақ туының астына жинап, діні бір Қоқанмен тізе қосып жұртымызды тыныш, алаңсыз ету емес пе еді.

— Бірақ Қасым төренің ол ойынан не шықты?— Ожар мысқылдай күлген тәрізді,— Ташкент құшбегінен Есенгелді мен Саржанның аман қайтуының өзі екі талай...

3-топ. Автор не себепті Сейтеннің есіне осы оқиғаны түсіріп отыр деп ойлайсыңдар? Үзіндідегі автор көзқарасын айт.

Айдын көлді, жасыл белді, қарағай, қайың сыңсыған қатпар-қатпар жартасты Баянауылдан аттанған Сейтен Қараменді тауы етегін басып, Балқаштың теріскей тұмсығындағы Мың аралдың батыс жағына өтпек еді. Осыдан үш күн бұрын бұлар Қараменді тауының шұрайлы етегіне жеткен. Бір жетіден бері ат үстінен түспеген Сейтен, көш орнығысымен, жан-жағы анық көрінетін бір жартасты төбенің басына шығып, көз шырымын алдырмақ болған. Ұйықтап кеткен екен. Үстінен бір суық леп ескендей сезінді. Көзін ашып алды. Ештеңе де көрінбейді. Ел жым-жырт ұйқыда. Аспанда күміс ай ғана ақырын жылжиды. Мұны оятқан не? Сейтен қозғалмай үн-түнсіз сол жатты. Сол мезетте-ақ кеуде тұсында бірдеме жыбырлаған сияқтанды. Алақанын сәл жұма, оң қолын кеудесіне қойып ұйықтайтын әдеті бар еді. Кенет аш қарнына сұп-суық бірдеңе тиді. Сейтен жылан екенін бірден сезді. Қозғалуға болмайды. Таулы жердің жыланы уытты келеді. Жылан сырғып кеудесіне таман келе жатыр. Мұндай суық, мұндай ызғарлы болар ма! Талай ажалға қарсы ұмтылған Сейтен батыр, жүрегі аттай тулап демін әзер алды. Баяу сырғыған жылан бір кезде Сейтеннің сол жұмулы алақанының арасына басын сұқты. Лақа бас, білектей жуан, қайрақ тас түстес тау жыланының езі. Егер саусағының бірі дір етсе бітті, улы тілін салып алуы кәміл. Енді жылан басын алақан қуысынан өткізіп, әрі қарай жылжи берді. Сірә, тамақ тұсына келіп оралмақ. Сейтен бала жасынан жылан-шаянның қорқып көрген емес. Мұндайдың талайын табанына басып улы тілін суырғаны бар. Әдет қылған қолдың білектей жуан жыланның алқым тұсынан қышқаштай боп қалай жұмыла қалғанын Сейтен оны қойнынан алып шыққанда бір-ақ білді. Жылан иретіле, бұлқына білегіне оралғанмен, күшті қол алқымынан бір-екі рет мытып-мытып қысып жіберді де, бос бүйендей өлексесін солбаң еткізіп анандай жерге топ еткізді.

4- топ Берілген үзінді бойынша көрініс қойыдар.

Берілген үзіндідегі «Жүрек соғысы бөлек пе, қалай...» деген Сейтеннің ойынан не байқауға болады?

Ожардың «Қазір жер қорғайтын заман емес, жан қорғайтын заман» деген ойынан қосарыңыз не?

Сен жас едің. Бірақ асыл тастан, ақыл жастан, жұрт білмегенді сен білетінсің. Бүкіл Қаржас елу күн ертегі етіп бітіре алмас жәйтті, сен бір түнде айтып бере алатынсың. Бұрын ділмәр едің. Қазір көшпелі елдің тұмшалаған бұзауындай үндемейтін болыпсың... Өлсем шайт, өлтірсе қазы деген жанмын. Мойнымда шын қазақтың бір тамшы қаны жоқ. Өз қолыңнан ажал тапсам, өкінбеймін, арым таза. Ал сенің ше?

Ожар аунап түсіп еріне жауап берген:

— Менің де...

Сейтен үзіліп қалған ойына қайта оралды.

— Иә, сол жолы мен тірі қалдым. Бірақ одан не таптым? Жалғыз бауырымнан айырылдым. Ел-жұртымды талан-тараж еткіздім. Бар ұтқаным сол ма? Міне, соңымнан ерген жұрт қалған жоқ па тағы тотиып?

Ожардың шапшаң қимылмен түрегеліп отырғанын Таймас байқап қалды.

— Көрмес түйені де көрмес,— деген оның сәл ренжіген даусын естіді:— бар қазақты өзіңе балама... Сен ақ патшаға қарсы шыққанмен, оны құшағын жайып қарсы алғандар аз ба? Олардың ұпайы түгел. Ау, сен не айтып отырсың?

— Есітіп жатқан жоқсың ба?— Ожар кекете күлді,— әлін білмеген әлек деген... Айтшы кәне, қолыңнан не келді?

Таймас қалшия тыңдап қалған. «Япырмау, мына Ожар не дейді? Жүрек соғысы бөлек пе, қалай?»

Сейтен кенет күңірене үн қатты

Жүрегім бір сұмдықты сезіп еді... Қателеспеген екенмін ғой...

Тағы да екеуі үн-түнсіз тына қалды. Енді сөздері бітті ғой деп Таймас жастыққа басын қайта қоя бергенде, Ожардың ашулы даусы шықты:

- Қазір жер қорғайтын заман емес, жан қорғайтын заман... Тағы құландай ру-ру боп жалпақ даласында шұбырған қалың қазақ ту тігіп ел болудан қалған. Осыны неге түсінбейсіңдер.

- Ел болуды ақ патша жендеттерінен үйренбексің ғой? — деген Сейтеннің ызалы күлкісі ап-айқын жетті.

— Үйренсе несі бар? Үйренем! Сен үйренбеймін десең де, ол күшпен үйретеді.

— Үйрен, үйрен...— деді Сейтен кекесін үнмен.— Сен секілділер барда оларға үйрету жеңілге түседі.— Ол енді күлкісін тыя қойды.— Жоқ, Ожар, оның болмайды,— деді,— сен құлан дейтін, мен қыран дейтін, екеумізге бірдей ортақ қазақ деген жұртың бар... Қарға баласын аппағым деп сүйеді, кірпі баласын жұмсағым деп сүйеді. Сен қазағыңды неге жек көресің? Ал мен...

— Иә, сен? Айт, айт...

— Мен оны халқым деп ардақтаймын. Сондықтан ол үшін ажалдан да қорықпаймын,— деді Сейтен сөзін жалғай,— Ата-ананы таңдауға болмайды, туған халқыңды да таңдай алмайсың! Оны әлжуаз де, тағы де, бірақ маңдайымызға жазылғаны сол халық, мен оны сен айт; қан әлжуаз қалпында да жақсы көрем. Кімде-кім сол қазақ деген қыранды қанатын кесіп, жем-құсына айналдырғысы келсе, ол менің қас жауым, туған балам болса да аш тамағынан ала түсіп, өз қолыммен бауыздауға бармын.

Ожар тағы да кекете сұраған:

— Онда мені неге бауыздамадың?

Сейтен кенет демі таусылғандай әлсіз жауап берген:

— Әттең, дүние, кеш білдім ғой!

— Жеңілген адам құсалы болатын әдеті. Өкіне бер, Сейтен. Бұл түнде екеумізден бөтен сөзімізді естір жан жоқ, сондықтан анығын біліп өт. Мен сендер секілді тұлыпқа мөңіреп бос жүрген жан емеспін...

Берілген сын-пікірлерді талдай отырып, шығармаға деген өзіңіздің сыни пікіріңізді жазыңыз

Нұрсұлтан Назарбаев: «Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалық құлаш - қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғаларының бейнесімен, тілінің шынайылығымен және айқындылығымен ерекшеленеді».

Шыңғыс Айтматов: «...алайда, ең бастысы, «Көшпенділердің» бұрынғы қоғам жағдайына да, қазіргі жағдайға да тәуелсіз өз құндылығы мен әдеби тағдырының барлығында жатыр».

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов: «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұқият зерделемейінше қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды».

Чингис Гусейнов: « «Көшпенділер» трилогиясы халықтың өзін - өзі танып - білуінің тамаша кезеңдік туындысы болып табылады».

Мәлік Ғабдуллин): «Қаһар» – көптеген тарихи документтер мен фактілердің негізінде жазылған роман. Мұнда жазушы 1836-1847 жылдар арасында қазақ даласында болған тарихи жағдайларды суреттеуді мақсат еткен. Атап айтқанда, романның негізгі оқиға желісі феодалдық-хандық өмірді қайта орнату мақсатымен Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс жайын тарихи-шындық тұрғысынан бейнелеуге құрылады. Романда көтерілістің шығуы, барысы және жеңілу себептері көрсетіледі. Осыған орай көтеріліске қатысқан басты-басты кейіпкерлердің образы беріледі, олардың арасындағы таптық, қоғамдық тартыстар мен әр алуан қақтығыстардың сыр-сипаты ашылады. Және де осы көтеріліс тұсында кімдердің алданғаны, кімдердің алдағаны суреттеледі.Романда әңгімеленген көтеріліс, әрине, өздігінен туған емес еді. Оны тудырған тарихи себептер, тарихи жағдайлар бар еді. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.