«Біржан-Сара» айтысы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 5-сабақ.


Сәлемдесу.

Оқушылар түрлі-түсті таяқшаларды алу арқылы төрт топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту:

Берілген суреттер арқылы айтыскер екі ақын өздерін неге теңейді? Суреттерді сәйкестендіріңіз.

Топтық жұмыс

1-тапсырма.

Кейіпкерлердің өздеріне берген бағасы қандай? Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, Біржан мен Сараға мінездеме беріңіздер.

Біржан

Бұл үйде Сара бар ма, келсін бері,

Іздеген келіп тұрмын Біржан сері?!

Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар,

Ауылыңда Тұрысбектің өлер жері.

Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын,

Арғынның Алтай-Қарпық ақтаң кері.

Барабар сөзі теңдес адам болса,

Көңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері.

Қырандай аспандағы желді күнгі,

Дауысымның көтерілер шықса тері

Болжаған жер шаршысын майталманмын,

Жасымнан маған мәлім қыз не дері.

Алтын менен күмістің, нақысындай,

Міні жоқ бізден шығар сөз бедері.

Шатыр тік, көк майсаға бір тайды сой,

Кешікпей шықсын үйден болса өнері.

Ақ иық, мұз балақпын жерге түспес,

Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес.

Сара

Әй, Біржан, жасың үлкен, өзің аға,

Қымбаттығым белгілі білсең баға.

Қамысты терең көлдің сұқсырымын,

Қаңғырған ілдірмеймін қаршығаңа.

Сара ақын екеніне көзің жетпей,

Осындай қайдан білдің қармануды-ай.

Найманнан қарның тойып кетсең-дағы,

Қоймайсың жылда келіп жалмануды-ай.

Елу күн ғайып болған тоты құспын,

Білмеймін әкеңнен де алдануды-ай.

Өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың,

Жайымды адам күймен айтайын мен

Өнерге екі жағым бәрі бірдей,

Құр босқа бөгелемін келіспей нем.

Арғымақ ғаялының артығы мен

Он күндей тынбай шапсам бір алам дем.

Өз басым ұрғашының қара тілі.

Иран бақ бет бітісім қызыл гүлі.

Біржанға мінездеме

Сараға мінездеме

2-тапсырма.

« Біржан-Сара» айтысының бүгінгі таңдағы қыз бен жігіт айтысына тигізер әсері қандай? Осы тақырып барысында өз ойыңызды эссе түрінде беріңіз. (100-120 сөз)

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

А/И4. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

1

Автор стилін анықтай алады;

Сөздердің мағынасын аша алады;

Кейіпкерлерге дәлелді мінездеме бере алады.

2

Тақырыпты ашады;

Эссе құрылымын сақтайды;

Ойын сауатты жеткізеді;

Сөз көлемін сақтайды.

Кері байланыс

«3-2-1»

Сабақтағы 3 маңызды ақпарат

Сабақта қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспекті

Үйге тапсырма: «Біржан-Сара» айтысын оқып келуге



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу