Ахмет Йассауи «Даналық кітабы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 13-сабақ.


«Сұрақтар жаңбыры» әдісі

Йасауидің өмірі мен шығармашылығы бойынша пайымдау және талдау сұрақтарымен жұмыс жасаңыз.

  • Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы не білесіз?
  • Ақынның лирикалық шығармалары несімен құнды?
  • Өмір сүрудің мәнін қалай суреттейді?
  • « Даналық кітабы» әрбір адамды неге бағыттайды?
  • Йасауи қандай әдебиеттің өкілі?
  • Йасауи сепкен ізгілік дәнін тағы қай ақындардан кездестіруге болады?
  • Йасауи шығармасында қандай нәрселерден сақтану керектігін ескертеді?
  • Автор «Қам көңілдің қайғысына дауа болғын» деп нені меңзейді?
  • Уа, дариға, махаббаттың дәмін татпай,

Жар да сүймей, үйді ойлап, дүние таппай.

Ойсыз, қамсыз, шайтандықтан бойды тартпай,

Жан берерде жанталасқа түстім, міне.

Кәміл пірім қызметінде тынбай жүрдім,

Дамыл таппай, көз ілмей, зырлай жүрдім.

Әзәзілдің арбауына қыңбай жүрдім,

Сосын да мен қанат қағып ұштым, міне,- деген шумақтарда автордың эпифораларды қолдану ерекшелігіне тоқталыңыз.

1-тапсырма. «Салыстыру кестесі» әдісі

  • «Даналық кітабынан» үзінділерді және Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқыңыз.
  • Хикметтердің идеясын, тақырыптарын, стилін, әдеби құралдарын талқылап, көркемдік құндылығын Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен салыстырыңыз.

Ғылым таппай мақтанба

Абай Құнанбаев

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфритлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылыми кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз.

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз.

Ақсақал айтты, бай айтты,

Кім болса мейлі, сол айтты –

Ақылменен жеңсеңіз.

Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз

Аят, хадис емес қой,

Күпір болдың демес қой,

Қанша қарсы келсеңіз.

Көп орында көріне айтпа,

Біздің сөзге ерсеңіз.

Мұны жазған кісінің

Атын білме, сөзін біл!

Осы жалған дүниеден

Шешен де өткен не бұлбұл.

Көсем де өткен не дүлдүл.

Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл-мизан, өлшеу қыл.

Егер қисық көрінсе,

Мейлің таста, мейлің күл.

Егер түзу көрінсе,

Ойлап-ойлап, құлаққа іл.

Ақмақ көп, ақылды аз,

Деме көптің сөзі бұл.

Жақынның сөзі тәтті деп,

Жақыным айтты дей көрме.

Надандықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сөзге ерме,

Сізге айтамын, қаупім – бұл.

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі – тұл,

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөзі қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл,

Ғұламаһи Дауани

Солай депті ол шыншыл.

Сөзін оқы және ойла,

Түз үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл – гүл.

1.Жұпта стиль, идея мен тақырыптар және тарихи, көркемдік құндылықтар бойынша ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңыз.

2. Екеуін салыстырып, кестені толтырыңыз.

3. Кейбір оқушылар елеусіз заттарды анықтай алса, дифференциация мен шығармашылыққа мүмкіндік беретін тағы бір бағана қосады.

Шығарма

Салыстыру

нысанасы

Даналық кітабы

Ғылым таппай мақтанба

сюжет

тақырып

идея

стиль

әдеби құралдары

тарих

басқа

4. Сынып талқылауында ақын жалпы не туралы жазғаны, ол шығармаларды қалай жазғаны қорытындыланады.

2-тапсырма. «Бұрыш» әдісі

  • Бөлме қабырғаларында ілініп тұрған «Даналық кітабының» тарихи және көркемдік құндылығына қатысты тұжырымдарды аралап оқыңыз. Өздерің талқылауға лайықты деп тапқан тұжырым тұсында қалып, сыныптастарыңызбен топтасыңыз.
  • Өздерің таңдаған тұжырым бойынша «Даналық кітабының» тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, талдау жүргізіңіз.

1-бұрыш: «Қожа Ахмет Йасауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді, сондықтан «Даналық кітабының» тілі бай, сөздік қоры мол. Оған хикметтердегі кірме ...

2-бұрыш: Ақынның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті, сондықтан «Даналық кітабының» көркемдік құндылығы басым, оны мына көркемдегіш ...

3-бұрыш: Йасауи Фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері болды. Сонымен қатар Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды, сондықтан «Даналық кітабы» эпикалық тұрғыдан құндылығы жоғары, неге десеңіз...

4-бұрыш: «Даналық кітабынан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады, сондықтан ол баға жетпес тарихи жәдігер. Оны мына мысалдармен ...

[attachment=28356:aza-debieti_-8-synyp_-1-tarau_-13-saba_-ahmet-jasaui-danaly-kitaby_-mirdi-mni_-didaktikaly-materialdar_-1-nsa.docx]
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу