Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика | Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жанаева Г.Ш. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәңгілік Ел – мұратым | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану | |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
| Оқушы: Публицистикалық, көркем әдебиет стильдерінің тілдік ерекшеліктерін біледі; Публицистикалық, көркем әдебиет стильдерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. | |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Синонимдер, сөздердің ауыспалы мағынасы, терминдер, неологизмдер, сұраулы және лепті сөйлем, қаратпа сөз | |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, өмір бойы оқу, құндылықтарды дәріптеу | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | |||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | - | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
3 минут | Қызығушылықты ояту Қорқыттың «Мәңгі өмір сүру» мен Елбасының «Мәңгілік ел» идеясында қандай философия жатыр? Оқушылардың тұжырым, пікірлері тыңдалады. Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | https://www.google.kz/ кескіндемелері | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 10 мин 10 мин 5 мин | Мағынаны тану *Оқушылар стильдердің тілдік ерекшеліктерін қайталайды. Тыңдалым алды тапсырмасы *Оқушылар тақырыпқа байланысты топтастыру жасайды. Әдеби нормадағы сөз, сөз тіркесі, сөйлем формасында жеткізеді. Әр топ өз жұмысын ұсынады. Бағалау. «Оқушылардың қошеметі» әдісі Білімланд сайтынан «Мәңгілік ел» видеосын көру. Тыңдалым тапсырмасы 1-тапсырма. Оқушылар видеоматериалды 2 рет тыңдайды. Кестені толтырады. Ж.
2-тапсырма. Тыңдалым мәтінінің стилін, стильдің тілдік құралдарын анықтайды. Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады: а) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер; ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер; б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер; в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер. Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді. Өзін-өзі бағалау. Оқушы дескриптор бойынша өзін бағалайды. Мұғалім мысал ретінде бір оқушының жұмысын дауыстатып оқытып, өзіне бағалатып, оған кері байланыс береді.
Тыңдалым соңы тапсырмасы Оқушылар ойын жинақтап, төрт сөйлем жазады.
| https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/manggilik-el | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Мен ............................................... білдім. Мен .................................................үйрендім. Маған..............................................ұнады. Маған..............................................қиындық туғызды. Менің көңіл-күйім............................... . | Рефлексия парағы | ||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.