Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.
І бөлім:
Сабақ : № | Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні : | Мұғалім: Меңдібаева С.Ә | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | 9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қажетті ресурстар | А3 қағаздар, түрлі - түсті маркерлер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Офографиялық норма, фонематикалық принцип, фонетикалық принцип, тарихи-дәстүрлі принцип, айырым принципі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі Сынып қабырғаларына ілінген ережелермен таныс. Топта талда. | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D1%84%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 – 7 минут 5 минут 7 минут Ауызша кері байланыс 3 мин 10 минут Ауызша кері байланыс беру 2-минут
| Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма.Орфографиялық принциптерді оқы, жұбыңа түсіндір. Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді.
Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б Тарихи-дәстүрлі принцип жазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады. Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады.
Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі принцип басшалаққа алынады олар:
Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)
Мысалы: тарағы (тарақы емес),Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б 2-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқы. Негізгі идеясын анықта. Маңызды ақпараттарды теріп жаз. Қазақ ел болып, еңсе тіктегелі мемлекеттің ұлттық идеясы қандай болуы керек деген сауалдың жауабын көп іздеді. Әсіресе, тәуелсіздік алғалы бері бұл мәселенің өзектілігі артты. Елдің көксегенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында дөп басты. Ол – «Мәңгілік ел» идеясы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, кемел келешекке сенім де осы ұғымның шеңберіне сыйып тұр. Демек, межеміз айқын. Ал бағытымыз ше? Мәңгілік ел болудың дұрыс жолына түстік пе? Материалдық байлықты қамдауға кірістік. Рухани байлығымыздың асығын қашан түгендейміз? Мәңгілік елдің ұлттық мәдениеті қандай болуы керек? Жуырда жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаевпен әңгімелескеннен кейін көкейде осы сауалдар көлденеңдей берді. Ата-бабамыз әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атануды, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болуды армандады. Сол арманға бүгін ұрпағы жетіп отыр. Шаңырағы биік, керегесі кең егеменді елдің іргесін қаладық. Ендігі арман – Мәңгілік ел болу. Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың айтуынша, Мәңгілік елге айналудың ең басты шарты – тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту. Өйткені тәуелсіздік – халқымыз қаншама ғасыр бойы аңсаған, Алаш арыстары аманаттаған асыл дүние. Ендеше оны нығайтудың жолы қайсы? Осы сауалдың тууына, өреміздің шеңберінен әлдеқайда асып кететін ауқымды тақырыпты қорықпай қозғауымызға түрткі болған қаламгер Сұлтанәлі Балғабаев көкейде қордаланып жатқан көп ойын ортаға салды. Біз қағаз-қаламымызды сайладық та, тыңдауға бекіндік. – «Мәңгілік ел» – болашағымызға айқын бағыт-бағдар беретін, ұлтымызды ұжымшылдыққа ұйыстыратын, үлкен мақсаттарға жетелейтін қуатты идея. Ендігі мақсат оны қызыл сөз, жаттанды ұран күйінде қалдырмай, ақиқатқа айналдыру. Соған қарай адымдап жылжу. Олай болса, бүгіннен, осы сәттен бастау керек. Мәңгілік елге айналудың алғышарты қандай – осыны анықтап алайық әуелі. Ең бастысы, экономикамыз ілгерілеп, қорғанысымыз күшеюі керек. Бұл екі сала үнемі мемлекеттің ерекше назарында, сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Мені алаңдататыны – ұлттық мәдениеттің дамуы. Төл мәдениеті, ұлттық құндылықтары құлдыраған ел ешуақытта Мәңгілік ел бола алмайды. Осыны түсінетін уақыт жетті. Нақты мысал керек болса, келтірейін. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең өзекті мәселе – тіл. Өзі тәуелсіз әрі өзгелермен терезесі теңескен өркениетті ел бола тұра, сол мемлекетті құраушы ұлттың тілін қайтсек тірілтеміз деп бас қатырып, екі күннің бірінде жиын өткізіп жататын ел көрдіңіз бе бізден басқа? Ондай мемлекет жоқ дүниенің еш бұрышында. Мемлекеттік тілінің мәртебесін көтеру үшін миллиондаған қаржы бөліп, түрлі бағдарламалар жасап, курстар ашып, ақ тер, көк тер болып жататын қазақ қана. Себебі неде? Мұның себебі еліміз Кеңес Одағының құрамында болғанда «Экономиканы көтереміз!», «Тың игереміз!», «Зауыт-фабрикалар саламыз!» деген ұрандардың екпіні қатты болды да, тіл мәселесі кейінгі қатарға ысырылып қалды. Соның зардабын әлі күнге дейін тартып келе жатырмыз. Тәуелсіздік алғалы бері қазақ тілінің еңсесі біршама көтерілді. Шүкір. Енді өткен күннің қателігін қайталауға болмайды. Қазір де мемлекет бар күшті экономиканы дамытуға жұмылдыруда. Ұлттық мәдениеттің жағдайы тағы да кейінге ысырыла ма деп қорқамын. Егер төл өнердің дамуы кенже қалса, қаржылық жағдайымыз жүз есе жақсарғанымен, қорғаныс қабілетіміз мың жерден күшейгенімен, Мәңгілік ел бола алмаймыз. Бұл Тәуелсіздігімізге де қауіп төндіруі мүмкін, – дейді жазушы. 2- тапсырма. Кесте толтыр
3- тапсырма. Шылаулардың ережесін оқы. Негізгі қызметін анықта.
4-тапсырма. Оқылған мәтіндегі шылаулардың астын сыз. Сен анықтаған шылаулар бас әріппен жазылып, жаңа сөйлемнен жазылып тұрғаны дұрыс па? Ойыңды шылау туралы ережеге негіздеп айт. 5-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Орындаған тапсырмаларын келесі топпен айырбасталады, бірін-бірі тексергеннен кейін, кестені тағы да толықтыруларына болады. Бір-біріне ауызша комментарий береді. Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады. Бағалау дескрипторы Оқушылар бірін-бірі жұпта бағалайды
|
Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ рефлексиясы
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлан Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.