Су – тіршілік көзі. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 2 сабақ
Эссе негізгі 3 бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім және қорытынды бөлім.
Эссе құрылымы:
І. Кіріспе бөлім |
1.Жалпы ой |
2.Тезистік ой |
ІІ.Негізгі бөлім |
А. |
Тақырыптық сөйлем |
Қолдаушы сөйлем |
Қолдаушы сөйлем |
Қолдаушы сөйлем |
Қорытынды сөйлем |
В. |
Тақырыптық сөйлем |
Қолдаушы сөйлем |
Қолдаушы сөйлем |
Қолдаушы сөйлем |
Қорытынды сөйлем |
С. |
Тақырыптық сөйлем |
Қолдаушы сөйлем |
Қолдаушы сөйлем |
Қолдаушы сөйлем |
Қорытынды сөйлем |
ІІІ. Қорытынды бөлім |
Негізгі ойларды қорытындылау және бір тұжырымға келу |
Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады:
Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін;
тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.
Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойларды талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.
Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.
Сонымен қатар, эсседе ойдың бірізділігі сақталуы тиіс. Жалғаулық шылаулар мен есімдіктер (сілтеу, жалпылау, т.б.) де орынды қолданылуы қажет.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.