Азатшыл ақын Махамбет. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 10 сабақ


САРАЛАУ

 Мұғалім оқушыларға өз таңдаулары бойынша бірнеше топқа бөлінуді ұсынады. Оқушылар өздеріне ыңғайлы, қолайлы деген тобына барып отырады. Бұл арқылы мұғалім сабақта қарам-қатынас формалары бойынша саралауды жүзеге асырады. Саралаудың бұл түрі арқылы оқушылар шағын топтарда өз қабілеттеріне қарай жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Мысалы, орташа қабілетті оқушы өзіне жақын сыныптас достарынан көмек ала алса, ал қабілеті жоғары оқушы өз ойын, идеясын өз тобында жүзеге асыру арқылы топ жұмысына оң ықпалын тигізіп отырады.

Бұл сабақты мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мазмұнына қызықтыра түсу үшін алдымен Махамбеттің портретін ұсынып, кімнің суреті бейнеленгендігін болжатып, ол туралы не білетіндіктерін анықтау үшін қосымша сұрақтар қояды. Оқушылар өз болжамдары мен білетін ақпараттарын айтып, ойларын ортаға салады. Келесі тапсырмада оқушыларға оқылым тапсырмасын ұсыну үшін алдымен мәтіннен бірнеше тірек сөздер беріп, мәтіннің мазмұнын болжап айтуға шақырады. Оқушылар бұл әдіс арқылы оқылым мәтінін жеңіл түсініп оқуына мүмкіндік алады. Мәтінді мұқият оқығаннан кейін оқушылар ұсынылған «ИНСЕРТ» әдісімен берілген кестені толтырып, мәтіндегі ақпараттарды жіктейді. Бұл оқушыға оқылым мәтінін қаншалықты меңгергенін жүйелеуге мүмкіндік береді.

Оқушылар оқылым мәтіні негізінде «Махамбет кім?» тақырыбындағы эссенің тезистік жоспарын құрады және эссенің құрылымын сақтайды.

Бұл сабақта оқушы сурет арқылы болжам жасауға, тірек сөздерді пайдаланып оқылым мәтінінің мазмұнын болжап айтуға, мәтіндегі ақпараттарды жіктеуге, жүйелеуге, мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып өмірбаян жазуға үйренеді. Мұғалім сабақтағы белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік алады.

Қосымша ресурс көздері:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.