Отбасындағы ананың рөлі. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

Аналарға арнау

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар – Ақ Еділ, Жайықсыздар

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, – лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді, – лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, – лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді, – лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер – Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер – өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер – ана, сіздер – жар, сіздер – қыздар,

Сіздер – жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

2-қосымша

Оқушылардың аты-жөні

Сөздер

Астарлы мағынасы

Қолданылу мақсаты

1

2

3

4

5

6

3-қосымша

Бағалау парағы

Бағаланатын жұп:

Бағалаушы жұп:

«Ана» ұғымын сипаттайтын сөздерді анықтауы

Астарлы мағынасын түсіндіруі

Қолданылу мақсатын түсіндіріп жазуы

Комментарий:

4-қосымша

 Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.

 Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

 Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.

 Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.

 Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.

 Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

5-қосымша

Бағалау парағы

Бағаланатын жұп:

Бағалаушы жұп:

дескриптор

Комментарий

1

Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашатын сөздерді анықтай алды.

2

Сөздерге екпін түсіріп оқыды.

3

Орфоэпиялық нормаларды сақтап айтты.

6-қосымша

«Сабақты талдау» кестесі

Сабақтағы жаңалық

Сабақта ұнаған тәсіл

Сабақтағы басты қиындық



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.