Тәрбие – тал бесіктен. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
2-қосымша
Қалалық жерде де баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз емес. Бірақ «бесік зиян…» дейтіндер де бар. Кешегi кеңестiк дәуiрде мединституттың оқытушылары шәкірттеріне бесікті жамандап оқытатын арнайы тапсырма болған. Ол заманда жек көрген нәрсеңізді «ескіліктің қалдығы» десеңіз жетіп жатыр. Дәлелдің қажеті жоқ. Сөйтіп, бесікті қазақтың өмірінен сырып тастағысы, керексіз қылып тастағысы келді. Бірақ жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады? Оның ұрпақ үшін пайдасы ұшан-теңіз.
Айталық:
Біріншіден, қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.
Екіншіден, баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етедi. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
Үшіншіден,баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.
Төртіншіден, сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.
Бесіншіден, бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.
Алтыншыдан, бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.
Жетіншіден,бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Сегізіншіден, бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір парасы ғана. Бесікті пайдаланбау арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз. «Бесікке салу», «Тыштыма», тағы да басқа салт-дәстүрлер, жол-жорағылар жоғалды. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» дегенді тегін айтпаған шығар.
3-қосымша
- Қарапайым сұрақтар. Мәтін мазмұнын білу деңгейіндегі сұрақтар. Бұл сұраққа жауап мәтін мазмұны бойынша нақты әрі қысқа болуы қажет. Мысалы, Бастыкейіпкердіңатыкім?
- Нақтылаушысұрақтар. Мәтінмазмұнынтүсінудеңгейіндегісұрақ. Бұл «иә» немесе «жоқ» жауаптарынқажетететінмәтінмазмұныбойыншаоқушыныңтүсінудеңгейінтексерусұрақтары.…екені рас па?Егер мен дұрыстүсінсем, ...Сұрақтарғажауап беру барысындаоқушыөзжауабындәлелдітүрдежеткізуіқажет.
4-қосымша
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.