Қос сөздер. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 57 сабақ


Дидактикалық материалдар

4-бөлім: «Мамандықтар әлемі»

Сабақ тақырыбы: №57. Қос сөздер.

Қосыша №1

Ереже

Қос сөздер бір сөздің қайталануы (қайта- қайта), екі түрлі сөздің қосарлануы ( ата- ана ) және сөздің алдына күшейткіш буын қосу арқылы да ( жап -жақсы) жасалады.

Қосыша №2

Сөздерді кестеге орналастыр.

Қос сөздер: ата -баба, кезек -кезек, тау -тас, күте- күте, быт- шыт, тап- таза, қырқа- қырқа, іркес -тіркес, тып -тыныш, салдыр -гүлдір, үп- үлкен

Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер

Екі түрлі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөздер

Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер

Қосыша №3

Саралау. Шығармашылық үзіліс.

1-деңгей:

Көп нүктенің орнына қос сөздің сыңарын тауып жаз.

Талай-......, бастан-......, ап-......, үш-......, жауын-......,жап-.....

( жақын, шашын, төрт, талай, аяқ, анық )

2-деңгей:

Бағанның екі жағындағы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

пыс -пыс, кемсең- кемсең

қарқ- қарқ

ұйықтады, жылады, күлді

3-деңгей:

Қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып, сөйлемді көшіріп жаз.

Екеуінің де жүні жылтыр, әдемі болатын.

Түзу көше бойымен асықпай жүріп келеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.