Дұрыс жазу және грамматика сабақ жоспары. 2 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-Бөлім: Мәдени мұра Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс жазу және грамматика | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктер, әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданылуын түсіну және анықтау 3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 3.9 Пунктуациялық нормаларды сақтау | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 4.3.9.2 диалогта қолданылатын тыныс белгілерді дұрыс қою | ||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Құндылық, мәдени мұра, Алтын адам | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Диалогқа қатысады; Диалогта қолданылатын тыныс белгілерін дұрыс қояды. | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | ||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз тіркесі | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өткен сабақты бекіту. Жұптық жұмыс. Оқушыларға үлестірмелі карточкалар беріледі, олар жұпта отырып бұлардың тура немесе ауыспалы екенін жазады.
ІІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау. Бағалау критерийлерін құрастыру. |
| |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | V. Жаңа сабақты меңгерту. Оқушыларға өлең оқуды ұсыну. -Екі көзің не үшін керек? -Жақсыларды көру үшін. -Екі қолың не үшін керек? -Елге көмек беру үшін. -Құлақ деген не үшін керек? -Ақыл-кеңес тыңдау үшін. -Тіл мен жағың не үшін керек? -Ақиқатты айту үшін. Сұрақтар:
-Бұл сонда не болады? -Сондықтан, диалог дегеніміз не? Оқушыларға қима қағазда жазылған сөздер беріледі, олар топта сөздердің дұрыс орнын тауып, ереже құрастырып шығарады. Ереже: Диалог - екі немесе одан да көп адамның сөйлескен сөзі. -Енді, бұл диалогқа қайтадан назар аударып, әр адамның бастаған сөзіннің алдында не қойылатынын айтайық. Ереже: Диалогте әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып,алдына сызықша қойылып жазылады. Тапсырмалар орындау. Өлеңді оқып, көшіріп жаз. Әлемде неше құрлық бар? Алтау Бір аптада қанша күн бар? Жетеу Малда қанша жілік бар? Тоғыз Цифрлар қанша? Он Міне, өстіп жаңалап Айтып шықтық санамақ. Сұрақтар:
Ертегіден үзіндіні оқып, ертегінің қалай аталатынын тап ..., құйрығымды берші. Менің қатығымды төлеп бер. ..., маған қатық берші. Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер. Сұрақтар:
| Презентация Үлестірмелі карточкалар | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Өздерін бағалау | ||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Білімі деңгейі жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау, оған қатысты сұрақтар қоя біледі. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.