Қазақстан жайлы монолог құраймын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:1-тоқсан

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Қазақстан жайлы монолог құраймын

Оқу мақсаттары

4.1.4.1 өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру

4.3.8.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру және таза жазу

Сабақ мақсаттары

Өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерді қолданып, монолог құрау.

 Сөздік қор

Ғажайып табиғат, сұлу, көркем көрініс, жері шұрайлы, шөбі шүйгін,монолог, т,б, сөздер мен сөз тіркестер.

 Бағалау критерийі

Өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйеніп, монолог құрайды.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер, әдебиет

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтінмен жұмыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 3 минут

2 минут

Сабақтың ортасы

30 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық сәт:

Мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Мынау менің жүрегімЕлімді мен сүйемінЖақсылыққа жақын бопӘрдайым күліп жүремін.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін анықтау.

(МК,Ұ) Монолог тыңдау

Мақсаты: Монологты тыңдау арқылы тірек сөздерді анықтау.

Тапсырма:Мәтінді мұқият тыңдаңыз және берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Туған жерім

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Мәтінде кездесетін 3 сөзді қоршап сыз.

Тұрғындар,табиғаты, ата-бабаларымыз, балалық, шұрайлы, жайлау, сағыныш

2-тапсырмаМәтінде нақты жауабы бар сұрақты анықтап, сұраққа жауап жаз.

А) Қазақстанның байлығына не жатады?

В) Еліміздің табиғатын қалай сақтаймыз?

С) Қазақстан жерінде қандай аңдар мен құстар мекендейді? D) Қазақстанның кең даласындай жер бар ма?

Сұрақтың жауабы: __________________________________________

3-тапсырмаБерілген суретті және тыңдаған материалды пайдалана отырып «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына монолог құрастыр.

Бағалау критерийі: тірек сөздерді қолданып, жоспар арқылы монолог құрайды.

Дескриптор:

- жоспар құрайды;

- тірек сөздерді орынды пайдаланады;

- тақырып аясында жүйелі монолог құрайды;

-каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

Оқушылар құрап жазған монологтарын тақтаға іледі. Оқушылар «Галлерея» әдісімен жүріп, монологтарды оқиды,өздеріне ең жақсы ұнаған монологқа стикерді жапсырады.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: Оқушылар сөйлемдерді толықтыры, өз ойларын айтады.

Сабақта:

Мен ........................ білдім.

Мен........................... үйрендім.

Маған................................. қызықты болды.

Бағалау:

«Бағдаршам» белгілері арқылы өздерін бағалайды, толықтырып айтады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.