№123-сабақ. Ержүрек қыз Мазмұндама


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Күні:.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№123-сабақ. Ержүрек қыз. Мазмұндама жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көбі:

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

- тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады

- тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді тауып, түзетеді

 Бағалау критерийлері

- өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;

- оқыған материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазады;

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.

 Сөздік қор

 

Пәндік терминология мен тірек сөздер

сержант, комиссар, пулеметші, Отан қорғау.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Мәтінге қандай тақырып ұсынар едің? Неліктен?
  • Мәншүктің бойында қандай қасиеттер байқадың?
  • Өзіңе қандай үлгі алар едің?

 Құндылықтарды дарыту

Отансүйгіштікке, батырларды құрметтеуге баулу, ержүректілікті дәріптеу

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

 АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін құрылымы, жоспар құру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ) Мәліметтерді топтастыру.

Мәншүк Мәметова, Алия Молдағұлова, Хиуаз Досанова жайлы деректерді тарату. Оқушылар мәліметті жинақтап, таныстырады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған.

Хиуаз Доспанова кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болған. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Екеуі де алғыр, қайсар, адал еді. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Соғыс кезінде ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді.

Әлия Молдағұлова мектепте сабақты өте жақсы оқыды. Ол мектепте оқып жүргенде, 1941 жылы соғыс басталды. Әлия Отанын қорғау үшін соғысқа сұранды. Майданда батырлық көрсетті. Ерлікпен қаза тапты. Сөйтіп «қазақтың батыр қызы» атанды. Оған арнап көптеген қалада ескерткіш қойылды.

Саралау

Сынып оқушыларының қабілетіне қарай топ мүшелеріне мәтінді 1 сөйлемнен қиып беру.

Сынып оқушыларына мәтіндерді жеке сөйлемдерге қиып алып, таратып беру.

Сабақ тақырыбын анықтайды.

Оқу мақсатын хабарлау және бағалау критерийлерін белгілеу.

Сабақтың ортасы

ІІ. Негізгі бөлім

Көркем жазу. Бб, батыр, байсалды, басқыншы.

Батыр туса, ел ырысы,

Жаңбыр жауса, жер ырысы.

3.2.4.1 (Ө; Т; Қ) Мәтінді түсініп, белгі қойып оқу. Тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. «Инсерт» әдісі.

18-жаттығу. Мәтінді оқу. Кестеге мәліметтерді түсіру немесе белгі салу. Оқушыларға мәтінді оқып, кестеге түсіруге уақыт беріледі.

Белгілер:

«V» − оқыған ақпарат өз білгенімен сәйкес келсе сөйлемнің тұсына «V» (қанат ) белгісін жай қарындашпен қояды.

«−» − ақпарат өзі білген ақпаратына сәйкес келмесе, яғни қарама-қайшы болса, «−» белгісін қояды.

«+» − жаңа ақпарат болса, онда « + » белгісін қояды.

«?» - егер ақпарат туралы тереңірек білгісі келсе, «?» белгісін қояды.

Оқушыларға жұпта өз кестелерін талқылауға уақыт беріледі. Әр жұп кестенің ұтымды нұсқасын құрап, топтық талқылауға ұсынады. Топтың ортақ кестесіне не енгізу керектігін талқылап, А3 формат қағазда орындап таныстырады. Мұғалім оқушылардың тереңірек білгісі келетін бөлігіне тоқталып, қажет жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырып, өз бетінше ізденуге ой түрткі салады. Мәтіндегі негізгі ойды тұжырым жасатуға назар аударады.

  • Мәтінге қандай тақырып ұсынар едің? Неліктен?
  • Мәншүктің бойында қандай қасиеттер байқадың?
  • Өзіңе қандай үлгі алар едің?
  • Отан қорғау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың?

Сөздік жұмысы

Сержант - әскери кіші шен атағы

Комиссар - әскери қызмет атқаратын адам

Пулеметші –пулеметті қолданып, оқ атушы жауынгер.

Фашист – герман басқыншылары.

«Тықсырып келе жатты» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Бұршақтай, баудай - сөз құрамына талдау.

Дескриптор:

  • мәтінге тақырып қоя алады;
  • негізгі ойды анықтайды;
  • мәтін мазмұнын талқылай алады.

3.3.3.1 (Ө; Қ) Оқыған мәтін бойынша мазмұндама жазу.

Жоспарға сәйкес мәтіндегі абзацтарды анықтау. Жоспардың әр бөлігі бойынша оқиғаны мазмұндау.

  • Мәншүктің өтініші
  • Жаудың қарсы шабуылы
  • Мәншүктің батыл қадамы
  • Құрметті атақ.
  • Жоспардың екінші бөлігінен бастап мазмұндама жазатын болсақ, сөйлем қалай басталар еді?

1943 жылы ... қандай оқиға болды?

Оқиға әрі қарай қалай өрбиді? Қандай қорытынды сөйлем жазар едің?

Жоспар бойынша мәтін мазмұнын жазуды «Бірлесіп жазу» стратегиясын қолдану арқылы жүзеге асырады. Мұндай жұмыс түрі шамамен 15–20 минутты қамтиды.

Мазмұндама жазу барысында қойылатын талаптарды ескеру.

Дескриптор:

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау;
  • сөйлемді жетілдіру;
  • мәтіндегі сөйлемдердің мағыналық байланысын ретін сақтау;
  • жаңа ойды абзацтан жазу;
  • сөйлемнің тыныс белгісін қою

3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) Қатені табу және түзету.

Орындалған жұмыстарын таныстыру.

  • Стиистикалық қателерді анықтау. Ұсыныс айту.
  • Өзара тексеру. Грамматикалық, пунктуациялық қателерді жай қарындашпен белгілеу. Талқылау
  • Жиі кездескен қате түрлерін талдау, үлгі немесе дереккөздер арқылы түзету.

Дескриптор:

  • жоспар бойынша мазмұндама жазады;
  • сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтады;
  • қаатесіз сауатты жазды;
  • жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі.

Сабақтың соңы

5 минут

ІІІ. Рефлексия

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау.

Дескриптор

Өз бағам

Мұғалім бағасы

Жоспарға сәйкес мазмұндама жазамын

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтаймын

Абзацты сақтаймын

Сауатты қатесіз жазамын

Жіберілген пунктуациялық қателерді тауып, түзете аламын

Жіберілген стилистикалық қателерді тауып, түзете аламын

Үй тапсырмасы: 20- жаттығу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу