«Су – тіршілік көзі» бөлімі Сабақтың тақырыбы: “Мазмұндама жазу”
Қазақ тілі
3-сынып«Су – тіршілік көзі» бөлімі 9-сабақСабақтың тақырыбы: “Мазмұндама жазу”Әзірлеген: Жанаева Н.Н..Оқу мақсаттары
Бағалау критерийлері
• Тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздер тізбегін жасайды.
• Тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрады.
• Жоспар бойынша мазмұндама жазады.
• Каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Назар аударыңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=Rvq2ankKBmg
Түртіп алу әдісі бойынша :
Ассоциация құру
Су –тіршілік көзі
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де су көп. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
Су жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста болады. Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауып, қайта суға айналады.
Сусыз тамақ піспейді. Сусыз тазалық та болмайды. Су жолымен жүк тасиды. Судың күшінен электр қуатын да алады.
Су - біздің байлығымыз.
Сөздер сөйлейді
80-95 пайызы, жануарлар мен адам, шыдау, тынымсыз айналыс, теңіз бен мұхиттар, бу, бұлт, жаңбыр, қар, электр қуаты
«Ыстық орындық»
- Су сен қандайсың?
Сен ненің құрамында боласың?
Өсімдіктердің неше пайызы сенен тұрады?
Сенің жолыңда қиындықтар бар ма?
Тіршілік иелері сені не үшін пайдаланады?
Саған қандай көмек қажет?
Сергіту сәті
Жаңбыр сіркіреді.
Күн күркіреді.
Жаңбыр құйды.
Теңіз тулады.
Жоспар
1. Судың табиғаттағы орны.
2. Табиғаттағы су айналымы .
3. Судың қажеттілігі.
Мазмұндама жазу
- мәтінге жоспар құрастырады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
-әр бөлімді азат жолдан бастап жазады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу үзбей және біркелкі жазады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру