1_Қазақ тілі_3 сынып_8-бөлім_Демалыс мәдениеті. Мерекелер_№126сабақ_Сөз және оның құрамы_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Күні: 4 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№126. Сөз және оның құрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады.

Оқушылардың көбі:

-тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді.

Оқушылардың кейбірі:

-мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді.

Бағалау критерийлері

-ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, сөз құрамы

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Өз анасын, ана тілін сыйламағандар өз Отанын сүйе ала ма?

-Ақынның «Менің қазақ, жүрегімді ал, тілімді ұқ, Ал басқасын өзің тауып аларсың» деген ойын қалай түсіндіресің?

Құндылықтарды дарыту

Ана тілін құрметтеуге, мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсінуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, Өзін өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз және оның құрамы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

(Ұ, Т) Өткенді қайталау

«Кластер әдісі»

Берілген сөздерден неғұрлым көбірек түбірлес сөз жасау: біл, сый, сән.

Ең көп, 8-10 сөз аралығында түбірлес сөздер жасаған оқушылар «Түбір» тобына,

Орта деңгейде, 5-7 сөз аралығында түбірлес сөздер жасаған оқушылар «Қосымша» тобына,

Ең аз, 2-3 сөз аралығында түбірлес сөздер жасаған оқушылар «Жалғау» тобына бірігеді.

Үлгі:

Біл - білім - білімді - білімпаз - білгір - білікті - білімділік - білімсіз.

Сый - сыйлық - сыйла - сыйды - сыйлау - сыйымды.

Сән - сәнқой - сәнгер - сәнді.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастырады.

Қосымша №1

Слайд 1, 2, 3

Сабақтың ортасы

5-12 минут

13-18 минут

19-20 минут

21-25 минут

26-35 минут

Негізгі бөлім

3.1.1.1 (МК, Ұ; Т; Қ) Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. «Екі жұлдыз,бір тілек» стратегиясы бойынша өзара бағалау.

Тапсырма 1. 31-жаттығу. Өлеңді оқулық бойынша даярланған үнтаспадан тыңдатады немесе мұғалімнің өзі оқып береді.

Өлеңді тыңдатпас/оқымас бұрын орындалатын нұсқаулық беріледі:

-мәтінді тыңдап болған соң, қойылатын сұрақтарға жауап беру үшін мәтінді мұқият тыңдау;

-тыңдау барысында тірек сөздерді жазып алу.

Алдымен тірек сөздерді жеке топтарда белгілейді. Нақтыланған сөздерді сыныпта жариялайды. Үш топтың белгілеген тірек сөздері мұғалімнің алдын-ала даярлаған нұсқасымен салыстырылып, толықтырылады.

Әр топқа ашық және жабық сұрақтар нұсқасы беріледі. Топта ақылдасып, талқыланған соң жауаптары сыныпта тыңдалады.

-Сенің ана тілің қай тіл?

-Сен қай тілде сөйлейсің және ойлайсың?

-Өлең неліктен «Ана тілі» деп аталады деп ойлайсың?

-Сен қалай ойлайсың? Өз анасын, ана тілін сыйламағандар өз Отанын сүйе ала ма?

-Ақынның «Менің қазақ, жүрегімді ал, тілімді ұқ, Ал басқасын өзің тауып аларсың» деген ойын қалай түсіндіресің?

Дескриптор:

-тірек сөздерді дұрыс белгілейді;

-ашық және жабық сұрақтарға негізді жауап береді.

Тапсырма 2. (Ө, Қ) Белгілеген тірек сөздерді сөз құрамына талда. Өз-өзіңді тексер.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетіп жазу.

32-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, мәтінді көшіріп жазады. Жұрнақ жалғанған сөзді табады.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Дескриптор:

-тиісті жалғауларды дұрыс қояды;

-қатесіз, көркем жазады.

Сергіту сәті!

3.1.3.1 (МК; Ө; Т, Ұ, Қ) Түрлі жағдаяттарда сөйлеу мәдениетін сақтау. 33-жаттығу. Оқулықта берілген тапсырманы оқу. «Тіл» сөзі қандай мағыналарда қолданылып тұрғанын талдап, түсіндіру.

Шығармашылық үзіліс. «Ана тілің - арың бұл...» пікірталас алаңы.

Пікірталасқа түсудің мақсаты мен оған қойылатын талаптарды белгілеу:

-Көпшілік алдында сөйлеу үлгісін тамашалау;

-Сөйлеушінің сөз саптауына, интонациясына, қимыл-қозғалысына назар аудару;

-Сөйлеуге қойылатын талаптардың қайсысы орындалғанын анықтау.

«Ана тілің - арың бұл...» тақырыбында сөйлеуге дереккөздерден материал жинау. Өз сөйлеуіне қажетті деректерді іріктеу.

(Ө, Ұ) Өз сөзін жоспарлау және көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу. Көпшілік алдында сөйлеу үлгісін көрсету мақсатында Жамбыл Дүйсеновтың «Тіл туралы» бейнематериалын тамашалау.

(МК) Қосымша «Оқу бұрышын» ұйымдастыру. Әр топтың өзіне қажетті материалдарды жинақтауына мүмкіндік жасау. Сөйлеуге қойылатын талаптардың қайсысы орындалғанын оқушылармен бірігіп анықтау.

(Т) Сөйлеуге қажетті материалдарды, үзінділерді талдау, жақсарту және көпшілік алдында сөйлеуге шығаруға даярлау.

(МК) Оқушылармен пікірталастың мақсаты мен қойылатын талаптарды белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:

-сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;

-өз сөйлеуін қанатты сөздер, мақал -мәтелдермен нақтылау;

-көмекші сөздерді өзгенің назарын аудару, деректерді нақтылау үшін пайдалану;

-интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

-сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.

Әр сөйлеушінің сөзі 1минуттан аспау керектігі ескертіледі.

Мұғалім оқушыларға сөйлеу техникасын (айна алдында тұрып жаттығу, смартфонның бейнекамерасына түсіріп қарау) үйретеді.

(Ө) Топтық жұмыстың нәтижесінде нақтыланған мәліметтер негізінде топтың атынан бір оқушы жеке таныстырылымымен сөз сөйлейді.

(Т) Топтық жұмыс қорытындыланып, «Менің сөзім» стратегиясы бойынша алдын-ала берілген пікірталастың мақсаты мен оған қойылатын талаптар негізінде бағаланады.

Үнтаспа

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы

Слайд 5

Оқулық 2-бөлім, 107-бет

Слайд 6

Оқулық 2-бөлім, 108-бет

https://www.youtube.com/watch?v=KKRxEP1kKr0

Жамбыл Дүйсенов - 8 жасар ақын

Мақал-мәтелдер жинақтары

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

-Сабақта орындаған жұмыстардың ұнағаны?

-Жұмыс барысында қиындық тудырған нәрселер?

-Қандай көмекке мұқтажбын?

Үй тапсырмасы:

Ана тілі туралы екі мақал-мәтел немесе қанатты сөз тауып жазу. Оларды қатыстырып сөйлем құрау, сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдау. Жалғанған қосымшаларына (жұрнақ, жалғау) байланысты сөздерді екі топқа біріктір.

Парақшалар

Слайд 9

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша дереккөздермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар, топтық жұмыс «Менің сөзім» стратегиясы негізінде жүзеге асырылады.

Комментарий жасау арқылы ауызша кері байланыс беріледі.

Топта бірі-бірі тыңдауын, жазу барысында оқушылардың дұрыс отыруларын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.