1_Қазақ тілі_3 сынып_1бөлім_Жанды табиғат_№13сабақ_Мәтін және оның түрлері_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: «Жанды табиғат»

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Г.Л.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№13-сабақ Мәтін және оның түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көбі:

- диалогке қатысады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді

Оқушылардың кейбірі:

- берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Бағалау критерийлері

- тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

- тыңдалған мәтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтайды;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Мәтін, әңгімелеу мәтіні, салыстыра сипаттау мәтіні, құмырсқа, илеу, зиян.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғауға баулу; бірлікке, ынтымақтыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері тақырыбына негізделіп меңгертіледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

(Ұ) Ребус шешу

, ,,,, ,,

Жауабы: құмырсқа.

(Ө; Ж; Қ) Құмырсқа сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Оқушылар құмырсқа сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастырады.

Интерактивті тақта

1 слайд

Арнайы парақтар үлестіру

2, 3 слайдтар

Сабақтың ортасы

5-11 минут

11-13 минут

13-20 минут

20-21 минут

21-27 минут

27-29 минут

29-35 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

3.2.1.1 (Ұ; Т; Қ) Тыңдалым. Мәтіннен тірек сөздерді табу.

49-жаттығу. Мәтінді тыңдайды. Мәтіннен тірек сөздерді табады, астын сызады.

Оқушылар мәтіннің ғылыми мәтін екенін дәлелдеп, өз пікірін білдіруіне басшылық жасалады.

Тірек сөздер: құмырсқа, жәндік, ұйымшыл, илеу, бағыт-бағдар, солтүстік, шыбын-шіркей, зиян, қоршаған орта, табиғат, пайда, қорғау т.б.

Ғылыми мәтін – зат немесе құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Дәлелденетін пікір, дәлелдеу пікірі және қорытынды жасалады. Қыстырма сөздер қолданылады. Мысалы: өйткені, сондықтан т.б.

Бағалау дескрипторы:

-тыңдалған мәтіннен тірек сөздерді табады, астын сызады;

-мәтіннің ғылыми мәтін екендігін дәлелдеп, пікір білдіреді.

(Ө; Т; Қ) Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

Тапсырма. Мәтінді оқу, мәтін түрі мен құрылымдық бөліктерін анықтау. Оқушылар мәтінді жеке оқиды. Топта бірігіп мәтіннің құрылымдық бөліктерін: басын, ортасын, соңын және түрін анықтайды. Өз шешімдерін түсіндіреді, дәлелдейді.

Проблемалық сұрақ.

Мақсаты: сыни ойлау дағдыларын дамыту, өткен білімді қайта жаңғырту.

Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, талқылауға сұрақтар ұсынады.

1-топ: Мәтін дегеніміз не?

2-топ: Мәтіннің негізгі белгілері?

3-топ: Мәтіннің құрылымдық бөліктері?

4-топ: Мәтін түрлері?

Әрбір топ постер құрастырып, қорғайды. Бағалау дескрипторы негізінде оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» әдісі арқылы өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

-мәтінді дұрыс, түсініп оқиды;

- мәтіннің негізгі белгілерін ажыратады;

-мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

-мәтіннің түрін анықтайды.

(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Илеу, зиян сөздерінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.

Илеу – 1.Зат есім. құмырсқаның илеуі.

2. Етістік. Қамыр, балшық, темір, ұн т.б.иін қандыра араластыру

Тапсырма: Бірлесіп жазу әдісін қолдану арқылы илеу, зиян сөздерін қатыстырып 2 сөйлем құрастырып жазу. Сөз таптарына талдау.

3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Сөйлемдердің жалғасын тауып жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Шығармашылық үзіліс

50-жаттығу. Сөйлемдердің жалғасын тауып жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Ой сергек!

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

(Т) Берілген тақырыптар бойынша іздену жұмысын жасау. Постер құрастыру.

Құмырсқа туралы мәліметтерді түрлі дереккөздерден табу. Керекті мағлұматтарды іріктеу. Сынып оқушыларының алдында таныстыру.

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Флипчарттар, маркерлер таратылып беріледі. «ББҮ» кестесін толтыру.

1-топ. Құмырсқа туралы дереккөздерден ақпарат іздеу.

2-топ. Құмырсқа туралы жұмбақтар іздеу.

3-топ. Құмырсқа туралы мақалдар іздеу.

4-топ. Құмырсқаның суретін салу.

(Т; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау. Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.

Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Ү л г і:

  • сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;
  • интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
  • сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.

Жұмыстарын топта жариялау.

Оқушылар бір-бірінің жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар өзара бірін-бірі сындарлы бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

- тақырып бойынша мәліметтерді түрлі дереккөздерден таба біледі;

- керекті мағлұматтарды іріктей алады;

-«ББҮ» кестесін дұрыс толтырады;

- жұмысты жариялауда қорғауға қойылатын талаптарды толық орындайды.

(МК; Ө; Қ) Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің түрін (ғылыми, көркем) ажырату. Көркем мәтін тауып жазу.

 «Еңбекшіл құмырсқалар» мәтіні бойынша жұмыс.

Тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің түрін ажырату. Мәтін ішінен сипаттау мәтініне тән сөздер мен сөз тіркестерін теріп, көркем жазу. Өзін-өзі бағалау.

Мақсаты: Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

 

51-жаттығу. Сөзжұмбақтың шешуін табу үшін жұмбақтарды шешіп, жауабын тиісті торкөздерге жазады.

Орындалған жұмысты топта жариялап оқиды.

Шешуі: Көлденеңнен: 1. Боран; 2. Тамшы.

Тігінен: 3. Бұлт; 4. Ауа.

Оқулық

Қосымша №1

Қосымша №2

Смайликтер

Түсіндірме сөздік

Оқулық

№1 Дәптермен жұмыс

http://balapan.kaztrk.kz

Флипчарттар

Маркерлер

Сынып бұрышы

Қосымша №3

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

7-слайд

Оқулық

№1 Дәптермен жұмыс

http://bilim-all.kz/article/2308-Enbekshil-qumyrsqalar

Қосымша №4

9-слайд

Сабақтың соңы

35-40 минут

(Ө; Қ) «Құмырсқа» тақырыбына бес жолды өлең құрастыру.

Тірек сөздердің көмегімен «Құмырсқа» тақырыбына бес жолды өлең құрастырады.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу»; екінші тұрған «көркем жазу»; үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады.

Үй тапсырмасы:

Бірлік, ынтымақ, еңбекқорлық туралы 3 мақал-мәтел табу, көркем жазу.

№1 Дәптермен жұмыс

10 слайд

№1 Дәптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар

11-слайд

12 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторларды басшылыққа ала отырып жүргізіледі.

Топтық жұмыс барысында берілген тақырып бойынша мәліметтерді түрлі дереккөздерден таба білетінін, керекті мағлұматтарды іріктей алатындығын бағалау.

Топта бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасау. Сынып ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу