Қазақ тілі және әдебиеті_3 cынып_3-бөлім Уақыт.Уақытқа саяхатты елестету үшін драманы қолдану_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Уақыт | Мектеп:Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Уақытқа саяхатты елестету үшін драманы қолдану | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Түрлі жағдаятта өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Диалог, монолог, сөйлеу мәдениеті, жағдаят, т.б. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, математика | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Отырар. Арман поэмасы | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресур стар | |||||
Сабақтың басы 7 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек тілейді. ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі Ойын:«Ойлан тап» Төмендегі сұрақтарға жауап бер. Шыққан әріптерден сөз құра. Мақсаты: Өткен білімдерін тексеру, қайта жаңғырту, бекіту.Сабақтың тақырыбын анықтау. Мұғалім оқушыларың «Ішкі және сыртқы шеңбер» бойынша тұруларын сұрайды да, әрбір жұпқа тест тапсырмаларын таратып береді. Оқушылар өз жұбымен кез-келген сыныптағы ыңғайлы орынды таңдап, жауабын табады. Тапсырманы орындап болған оқушылар жұбы бір-бірінің қолын ұстап, бастапқы орындарына тұрады.
А) бастауыш Л) баяндауыш У) жалаң З) жайылма 2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің арасына қай кезде сызықша қойылады? Д) Егер сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрса Е) Егер сөйлем екі баяндауыштан тұрса Н) Егер сөйлем баяндауыш пен бастауыштан тұрса А) Егер сөйлем екі бастауыштан тұрса. 3.Жайылма сөйлем деп... Қ) Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұратын сөйлемді айтамыз О) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді айтамыз. Л) Тек қана тұрлаусыз мүшелерден тұратын сөйлемді айтамыз. А) Екі бастауыштан тұратын сөйлемді айтамыз. 4. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Э) Бастауыш пен толықтауыш Ы) Бастауыш пен баяндауыш Л) Баяндауыш пен анықтауыш Р) Бастауыш пен пысықтауыш 5. Тиянақты аяқталған ойды білдіреді. О) сөз Т) сөйлем А)сөз тіркесі Н) буын
/Уақыт/
/Бір-бірімізбен ақылдастық, сөйлестік, диалог құрдық/
/Оқушылар өз ойларын ортаға салады/. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Бағалау критерийін шығару. | слайд тест | |||||
Сабақ ортасы 3 минут 7 минут 5 минут 15 минут | ІІІ. Іс-әрекеттің негізгі түрі: (Ұ) «Сен маған, мен саған» Мақсаты: Дұрыс сұрақ қою және жауап беру дағдыларын дамыту.
(Ұ, Ж) Суретпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді» ойыны Мақсаты: оберілген сурет бойынша жоспарлы, жүйелі түрде диалог құрастыра білуге дағдыландыру. /Мұғалінің көмегімен ұжымдық жұмыс ретінде диалог құрастырады, диалог құрылымы бойынша сұрақтар қойылып, білімдері толықтырылады/. (Ұ) «Атомдар мен молекулалар» ойыны Мақсаты: топқа бөлу. Мұғалім көңілді музыка қосады. Музыка әуені тоқтаған кезде оқушылар жұп құрулары керек. («Молекулалар» «атомдарға» айналады). (Ұ,Ж) Сурет бойынша диалог құру. Әрбір жұп сынып бөлмесінде жасырылған суреттерді тауып алуы керек.
Дескрипторлары:
/4 баллдық жүйемен өзара бағалайды/. | слайд суреттер | |||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Басбармақ» әдісі бойынша бағалау. Сабақта не ұнады/ұнамады? Келесі сабақта нені білгің келеді? | Слайд | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгерудең гейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сандық техникаларды қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру