Қазақ тілі және әдебиеті_3 сынып_1-бөлім Тірі табиғат _Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу_Қысқа мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Жанды табиғат Күні: | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Сабитова А.С. | |||||
Сынып: 3 «А» | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу 3.2.5.1* тірек сөздер/көмекші сөздердің көмегімен мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін анықтау, әр бөлігіне ат қою | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Жетістік критерийлері | Стильдік ерекшелітерін түсіне отырып, мәтіннің түрлерін ажыратады. | |||||
Сөздік қор | Тіршілік иелері, су тасбақасы, | |||||
Құндылықтарды дарыту | қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; | |||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, дүниетану | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тіршілік иелерінің өмір кезеңдерін біледі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.Оқушылар топта тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушыларға адам өмірінің кезеңдері жайлы видео көрсетіледі. -Бейнефильмнен не түсіндіңдер? ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру, бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. | Музыка, видео | ||||
Сабақтың ортасы 2 мин 1 мин | ІҮ. Негізгі бөлім -Балалар, өткен сабақта қандай жануардың өмір кезеңдері жайлы әңгімелестік? -Тасбақа туралы не білеміз? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (МК) Рождение черепашек. Уникальные сьемки. Тасбақа туралы бейнематериал көреді. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Сұрақ қояды, жауап береді. Сергіту сәті Өсімдіктің өмір кезеңдерін қимылмен көрсету. (Т)Мәтінмен жұмыс Мақсаты:Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыту арқылы, тасбақа жайлы түсініктерін кеңейту. Топтарға мәтін беріледі. Топтар мәтіннен түсінгендерін айтады. Бағалау критерийлері: А)Мәтінді оқиды. Ә) Мәтінге ат қояды Б)Мәтіннің түрін анықтайды В)Рөлге бөліп оқиды. | БЕЙНЕФИЛЬМ «Рождение черепашек. Уникальные сьемки» СУРЕТТЕР | ||||
Сабақтың соңы 10 мин | Рефлексия: «Шығу билеті» Балалар, бүгінгі сабақта нені білгендеріңді «шығу билетіне» жазып, кабинеттің есігіне жапсырып шығыңдар. Үй жұмысы: Кез келген тіршілік иелерінің өмір кезеңдері туралы мәтін оқып келу. Сыныптастарыңмен бөлісі. | стикерлер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтық тапсырмаларды дифференциация бойынша беру. | Топтық жұмыс барысында берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтай алуын және мәтіннің негізгі ойын анықтау арқылы түсінгенін көрсете алуын бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
1-топ
Жер бетіндегі ерекше тіршілік иелерінің бірі – тасбақалар. Олар орташа есеппен 200 жылдан астам өмір сүреді. Тасбақалардың ішкі ағзалары қартайған шағында да жастық шақ кезіндегідей жұмыс жасайды екен. Сондықтан олар ұзақ өмір сүреді.
2-топ
Жер бетінде ұзақ өмір сүретін тіршілік иесі болғанмен, тасбақалардың жауы көп. Мысалы, теңіз тасбақалары жұмыртқаны жарып енді теңіз бойына жол алған сәтте шағалалар немесе басқа құстар азықтанып той жасай бастайды.
3-топ
Кейбір жыртқыш құстар оларды тырнақ астына алып биікке ұшып, қатты шың-құздарға тастайды. Онымен қоймай көптеген тасбақалар аштықтан өледі. Себебі азығын табу қиынға соғады екен.
4-топ
Тасбақаның ерекшелігі – ұзақ уақыт қоректенбей, су ішпей жүре алады. Арқасындағы мықты сауыты тасбақаны температуралық толқулардан сақтайды.
5-топ
Қыстың қатты аязы мен боранында не жаздың аптапты ыстығында олар тіршілік етуді тоқтатады. Яғни мұндай сәттерде тасбақалар терең ұйқыға кетеді.
А)Мәтінді оқиды.
Ә) Ақпарат жинайды
Б) Түсінбеген сөздермен жұмыс жасайды.
В) Топта таныстырылым жасайды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру