4.Қазақ тілі_3сынып_3 бөлім_Уақыт_№13. Өмірбаян жазу_Әдістеме
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
1.Бөлім: 3-бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: №13. Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу)
3.3.7.2 мұғалімнің қолдауымен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдетеді
Сабақ мақсаттары:
- тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
- үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады;
- сөйлемнен бастауыш пен бандауышты ажыратады
- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады; кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады
Құндылықты дарыту; Шығармашылыққа баули отырып, тарихи құндылықтарға баулу
Пәнаралық байланыс; Дүниетану
Ресурстар:
Қосыша материалдар:
- таныстырылым
- дидактикалық материалдар
- бейнежазба
2. Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға психологиялық жағымды ахуалды қалай ұйымдасырылады:
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне тілек тілейді.
Топтық және оқу құралдарын қолдануда техника қауіпсіздігін сақтау
3. Сабаққа қажетті теориялық материалдар:
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша
(-)қойылады: Әмір-күйші. Алматы-сәулетті қала.
Баяндауыштар негізінен етістіктерден жасалады.
Мысалы: Асан сабақты жақсы оқиды.Асхат өзенге барады.
Хронологиялық кесте- өмірбаянның жылдар арқылы ретімен жазылу немесе айтылуы.
Өмірбаян- жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
4. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы
Миға шабуыл (Т.)
Оқушылар бір, екі деп санау арқылы екі топқа біріктіріп алынады.
Бірінші топ «Ия», екінші топ «Жоқ» сөзін қолдану арқылы дәлеледемелер келтіру қажет.
Алдын ала дайындалған сұрақ қойылады:
-Хронологиялық даталары бар мәтін түрлері бола ма? деген сұраққа оқушылар екі жақты пікірлерін дәлелдейді.
Ия, себебі..., мысалы....
Жоқ, себебі,... мысалы, .... бағытын сақтап жауап беру.
1-тапсырма «Бірлесіп оқу» стратегиясы
Мақсаты: Бірлесіп оқу-бүкіл сыныпқа пайдаланылатын оқылымға арналған
интербелсенді тәсіл болып табылады, әйтсе де оны шағын топтарда сол мәтінді бере
отырып, пайдалануға болады.
Қолданылуы: Ойды тексеру. Екі мәтінді салыстыру. Екі мәтіннің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Топтың қорытындысын таныстыру.
2-тапсырма Көркем жазу. Мақсаты: көшіріп көркем жазудың мақсаты жазылымға қатысушының ойлау үдерісін модельдеу, оқушыларға жазу үдерісіне қатысуға және үдеріске назар аударуға мүмкіндік беру болып табылады.
Қолданылуы:
Өмірбаяндағы қарамен жазылған сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын анықтау. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін тұжырымдау.Сөйлемдерді көркем көшіріп жазу, бастауыш пен баяндауыштың астын сызу.
Сергіту сәті: «Ақындар мен жазушылар» әдісі
Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз
3-тапсырма «Әдебиет лотосы» әдісі. Мақсаты: Мәтінде берілген танымал тұлғаның өмірбаянын оқып танысу. Кездескен жаңа сөздерді және хронологиялық даталарын іріктеу. Және жұптаса отырып, талдау жасау.
Қолданылуы: (Ж.Ж) Дереккөздерден қазақстандық танымал тұлғалардың өмірбаянын оқу және талдау.Кездесетін жаңа сөздерді, маңызды тұстарды анықтау, солардың көмегімен хронологиялық кесте құрастыру.
1. 1936ж-
2.1959ж-
3.1962-1971ж.ж-
4.1971-1981ж.ж-
5.1984-1983ж.ж-
6.1983-1991ж.ж-
4-тапсырма «Не? Қашан? Қайда?» әдісі. Мақсаты: Сұрақтарға жауап бере отырып, кез-келген қажетті ақпаратты толықтыру, жазу, оқу мақсатында қолданылады. Өз өмірбаянын хронологиялық кестені жазу мақсатында сұрақтарға жауап беру.
Қолданылуы: (Ө,Қ) Өз өмірбаянын жазу. Өз жұмысын тексеру. Қатемен жұмыс.
1.Туған жылы, айы,күнің
2.Ата-анаңының аты-жөні
3.Мектепке дейінгі кезеңдерің
4.Мектепті оқып бастаған жылың
5. Саралау: «Дереккөздер» тәсілі. Кейбір оқушылардың күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алуы сараланады.
«Қарқын» тәсілі. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
«Дереккөздер» тәсілі. Электронды дереккөздерді пайдалануы арқылы қабілеті жоғары оқушылардың жұмысы сараланады.
6. Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар;
Бағалау критерий:
-Мәтін түрлерін, стилін, жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады
-Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі және қояды
-Өзіндік іс-әрекеті баяндалған өмірбаянын жазады
-Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, өз өмірбаянын жазады
Кері байланыс: Қ.Б: топтар бір-біріне бас бармақ әдісі арқылы кері байланыс береді
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды
«Дұрыс-бұрыс» әдісі арқылы жазған жұмыстарын өзара тексереді. Мадақтау арқылы
«Бес саусақ» әдісі. Мақсаты: Бүгінгі сабақтан не үйренгенін бағалау, анықтау
Қолданылуы:
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек-басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек-бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек-бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек-бүгін не үйрендім?
7. Қосымша сілтемелер:
1. Оқу жоспары Қазақ тілі Т1 3 сынып 2018-2019 жж
2.Оқулық Қазақ тілі «Атамұра» баспасы
3. Оқу бағдарламасы Қазақ тілі Т1
4.Олжас Сүлейменов шығрамалары
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру