2.Қазақ тілі_3сынып_3 бөлім_Уақыт_№14-сабақ Өмірбаян жазу Презентация
Қазақ тілі
3 -сынып3 -бөлім
Уақыт
(Оқу жоспары Қазақ тілі 2018-2019жж)
№14 Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын
Бағалау критерийлері:
- Мәтіндерді стиліне қарай салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады
-Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі және қояды
-Өзіндік іс-әрекеті баяндалған өмірбаянын жазады
-Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, өз өмірбаянын жазады
Миға шабуыл (Ұ.Ж)
«Телебағдарлама жүргізушісі» әдісі
«Айтуға оңай» бағдарламасында
«Хронологиялық кесте мен Өмірбаян» бас қосады.
-Хронологиялық кесте дегеніміз не?
-Өмірбаян не үшін қажет?
-Хронологиялық кестесіз өмірбаян жазуға болатын шығар?
-Өз өмірбаянын жаза білу немесе ауызша жеткізе білу керек дегенге келісесіз бе?
-Екі ұғымның түсініктемесін немесе ережесін айтып берсеңіздер
Хронологиялық кесте- өмірбаянның жылдар арқылы ретімен жазылу немесе айтылуы.
Өмірбаян- жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
1-тапсырма ( М.К.Т)
Оқушыларды қызыл, жасыл, сары түстерге топқа біріктіру.
«Сөздерден әңгіме құрастыру» әдісі
Тапсырма:Өмірбаян құрылымын талдау. Және өмірбаян жазғанда хронологиялық тәртіпті қолдану
Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек.
3.3.7.2 (М.К. Ұ ) 2-тапсырма
«Сөзден-сөйлем, сөйлемнен-мәтін» әдісі
Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық жағынан қабыспайтын үш сөз суырылады. Осы үш сөзден кіріктіре отырып, сөлемдер құрастыру. Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдау.Тақтаға жазылады. Таңдалған сөздерден сөйлемдер құрау.
Тапсырма: Сөйлемдерді көркем жазу, сөйлем мүшелерінің астын сызу.
3.3.7.2 3-тапсырма ( Ж)
Көшіру диктанты.
Тапсырма:
1 Уақытты білдіретін сөздерді теріп жаз.
2 Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын тыныс белгісінің орнын тауып, жаз.
Рефлексия.
«Тазалық кері байланысы»
Чемодан: Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар
Қоқыс жәшігі: Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар.
Еттартқыш: Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар
Үйге тапсырма:
Өз өмірбаяныңды хронологилық кестені қолдану арқылы жазып келу
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру