Қазақ тілі және әдебиеті_ 3 сынып _1-бөлім Жанды табиғат Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: «Жанды табиғат» Күні: 1-тоқсан | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.5 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау 3.2.5.1* тірек сөздер/көмекші сөздердің көмегімен мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін анықтау, әр бөлігіне ат қою | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | Мәтіннің бөлімдерін анықтап, ат қою арқылы түсінгенін көрсете алады. | |||||
Сөздік қор | Тіршілік иелері, марғау, мәулен, ірбіс, теңбіл, шұбар, дақ | |||||
Құндылықтарды дарыту | Достық қарым-қатынас, өзгелердің қызығушылығын ояту, назарын аудару үшін мәдениетті сөйлеу мәнерін дамыту | |||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, өнер | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Шытырман оқиғаларды зерттеу | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 мин 5 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері» (МК)Адамның өмір кезеңдері туралы бейнефильм. Мақсаты:Бейнефильм арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Бейнефильм бойынша сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың тақырыбын мен мақсатымен хабарлау. | бейнефильм | ||||
Сабақтың ортасы 2 мин 3 мин 3 мин 5 мин 2 мин 5 мин 10 мин | (МК) Жұмбақ шешу Мақсаты:Жұмбақ шешу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. -Балалар, жұмбақты шешсеңдер, оқылатын мәтіннің не туралы екенін білесіңдер. Алғашқы буыным, Көштi бастар ұлымын. Сосын тоғай нуының Жыртқышының бiрiмiн. Екеуiн қоссаң iрiмiн – Көп аңдардың дүрiмiн. (Жол – Барыс – Жолбарыс) (Т,Ө,Қ) «Ойлан.Бірік.Бөліс» стратегиясы Мақсаты:Оқушылардың барыс жайлы білімдерін анықтау, ортаға салу. -Балалар, барыс туралы не білесіңдер? Оқушылар топта отырып, барыс жайлы өз білімдерімен бөліседі. (МК)Мұғалімнің шағын мәліметі. ХVІІ ғасырда орыстың тері сататын саудагерлері «Ирбис» сөзін Азия аңшыларынан естіген. Тувада бұл аңды «ирбиш», Жетісуда «ильберс», Қытаймен шектесетін Алматының шығыс жағында «ирвиз» деп атайды. Түрік тілінен «ирбиз» сөзі «қар мысығы» деп аударылады. Осы сөз кейін орыс тіліне еніп, соңғы «з» әрпі, қатаң дыбысты «с» әрпіне айналды. Ал қазақтар олардың өмір сүру жағдайына қарап, «қар барысы немесе тау барысы» деп атайды. Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген. (Т,Қ)Мәтінмен жұмыс Мақсаты:Барыс жайлы ақпаратты жинақтау арқылы білімдерін кеңейту. Топтарға тұтас бір мәтін беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, оның бөліктерін анықтайды.Тізбектеп оқиды. Сөздік жұмыс Мәтінде кездескен жаңа сөздерді табу. Дәптерге жазу. Сол сөздермен сөйлемдер құрастыру. Жазған сөздердің қандай сөз табына жататынын анықтайды. Сергіту сәті Өсімдіктің өмір кезеңдерін қимылмен көрсету. (МК)Барыс туралы бейнефильм көру. Мақсаты:Барыс жайлы ақпарат жинау. (МК)Бейнефильм бойынша тапсырманы орындау: 1-топ: мәтінде және бейнефильмде кездескен ақпаратты жазады. 2-топ: жаңа ақпарат жазады. 3-топ: жаңа сөздерді жазады. «Галлерея» әдісі Жазған сөздерін сыныптағы қабырғаларға іледі. Оқушылар сыныпты аралап жүріп, ақпараттарды оқиды, қажет болса толықтырады.Алдын-ала берілген стикерлерін ең қызықты және толық орындалған жұмысқа жапсырады. | Жұмбақ жазылған парақтар Мәтін жазылған парақтар Жаңа сөздер Бейнефильм А 3 парақтары, маркерлер | ||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия: «Шығу билеті» -Балалар, бүгін біз жаңа тарауды бастадық. Алдағы уақытта өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндердің бірнешеуін оқимыз. Келесі сабағымыз жақсы өту үшін саауалнамаға жауап беріңдер. Және сыныптан шығарда келесі сабақта нені білгілерің келетінін «шығу билетіне» жазып шығыңдар. Үй жұмысы: Кез келген тіршілік иелерінің өмір кезеңдері туралы мәтін оқу, суретін салу. Сыныптастарымен бөлісу. | карточкалар | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтық тапсырмаларды дифференциация бойынша беру. | Топтық жұмыс барысында берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтай алуын және мәтіннің негізгі ойын анықтау арқылы түсінгенін көрсете алуын бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру