Байланыс құралдары. Физика, 11 сынып, қосымша материал.


Қосымша ақпараттар

Байланыс:

 1) әр түрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау;

 2) почтателефонтелеграфрадио, т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, технологиялық жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды.

 Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай БАЙЛАНЫС почта және электрлік байланыс болып бөлінеді. Почта байланысы арқылы хат, газетжурнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграффототелеграфтелевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі — факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің көшірмесі, фотографиясуретқолжазба, сызба, сондай-ақ, байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф байланысы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған.

 3) сәйкестілік, сілтеме, байланыстарды редакциялау кезінде — символ/символ, символ/адрес немесе адрес/адрес типінің сәйкестілігі; кибернетикалық жүйе жайында — әсер, ықпал; мәліметтерді қашықтан өндеу желісіндегі мәліметтерді жеткізу құралдарының жиынтығы; объектілер арасындағы қатынас; программалық модульдердің әрекетгестік механизмі; гипермәтіннің белгіленген элементі; сол элементті тышқанмен басқару арқылы мәтіннің басқа бөлігіне ауысу; желілердегі байланыс түйіні; екі байланыс торабын жалғастыру жабдығы.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektromagnittik-tolqyndar/lesson/ehlektromagnittik-tolqyndardyng-qoldanyluy

Қосымша ақпараттар

Жарық - толқын ұзындығы 0,4 мкм және 0,7 мкм (400 нм - 700 нм) диапазонындағы электромагнитті толқындарды қамтиды. Түрлі жарық шығару көздерінің қатарында жоғары температуралы объектілер, лазерлер мен  светодиодтар бар. Диапазон шекаралары адам көзінің ішкі тор қабығындағы нерв жасушаларының сезімталдық диапазонымен

Радиотолқындар

Ұзындығы 30 см асатын электромагнитті толқындар радиотолқындар деп аталады. Электр тізбектеріндегі зарядтар тербелісі радиотолқындардың пайда болу көздері болып есептеледі. Адам түйсіктері бұл толқындарды сезіне алмайды, бірақ олар бізге ешқандай зиян келтірмейді. 

Микротолқындар

Микротолқындар ұзындығы 1 мм мен 300 мм аралығы диапазонындағы электромагнитті толқындар болып келеді. Бұл диапазон айтарлықтай кеш ойлап табылғанымен, бүгінгі күндері кеңінен қолданылып келеді (мысалы, ұялы телефон арқылы қоңырау шалу және тағамдарды микротолқынды пеште қыздыру үшін).

Инфрақызыл сәуле

Микротолқындардан қысқа электромагнитті толқындар инфрақызыл диапазонға жатады. Бұл толқындар ұзындығы 0,7 мкм-ден 1 мкм-ге дейінгі диапазонда болады. Инфрақызыл сәулелер бүкіл дене мүшелерінен шығарылады. Дененің температурасы неғұрлым жоғары болса, сәулелену солғұрлым күшті болады. 

Ультра күлгін сәулесі

Ультра күлгін сәулелену ұзындығы 10 нм-ден 400 нм-ге дейінгі бір қатар толқындарды қамтиды. Ультра күлгін сәуле шығару көздерінің қатарында жоғары температуралы барлық объектілер, сондай-ақ кейбір газдарға тиесілі разрядтар бар. 

Адамдарға әсер ету дәрежесі негізінде, ульракүлгін сәулелену үш түрлі диапазонға бөлінеді:

  • УКС, алыс ультракүлгін, ұзындығы 10 нм-ден 280-нм-ге дейінгі,
  • УКВ сәулелер, ұзындығы 280 нм-ден 315 нм-ге дейінгі,
  • УКА, жақын ультракүлгін сәулелер, ұзындығы 315 нм-ден 380 нм-ге дейінгі

Рентген сәулесі

Рентген сәулеленуінің пайда болу көздерінің бірі рентген түтікшесінде жылдамдықтары жоғары деңгейге дейін арттырылған электрондардың кенеттен тежелуі себеп болады. Мұндай жолмен алынған толқын ұзындығы 0,01 нм мен 10 нм аралығын құрайды. 

Гамма сәулесі

Атом ядросы ішінде жүріп жатқан реакциялар толқын ұзындығы өте қысқа (10-10 м ден аз) және өтімділік қабілеті өте жоғары болатын электромагниттік толқындар. Өзге заттектермен өзара байланысқа түскен гамма сәулелер иондануды туындатады. 

 

6. Байланыс түрлерінің жаңа түрлері туралы bilimland порталынан бейнероликтер

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektromagnittik-tolqyndar/lesson/ehlektromagnittik-tolqyndarynyng-shkalasy

 Байланыс құралдары

 Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді.

 Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел — АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзінлегі телефон жүйелерінің 2/5-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью-Йорктің Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.

 

Жаңа байланыс құралдары

Сипаттамасы/ Артықшылығымен кемшіліктері

PIR детекторлары

Кеңінен таралған қауіпсіздік детекторлары - PIR детекторлары, яғни пассивті инфрақызыл детекторлары. Бұлар сәуле шығармайды, тек қана алдарында орналасқан объектілер шығарған сәулелерді тіркейді. Қоршаған орта температурасы адам денесі температурасынан салыстырамлы түрде төмен, сондықтан, адам денесінің сәулеленуі оның айналасының сәулеленуіне қарағанда қарқынды болады және бұл детектормен қабылданады.

Wi-fi

Оптикалық талшық

Шыны-оптикалық байланыс – ақпаратты тасымалдауда шыны (немесе пластикалық) талшық қолданылатын технология. Шыны-оптикалық байланыс кабелі жарық толқынында модульденген деректерді тарататын жекеленген шыны талшықты шоғырлардан тұрады. Байланыстың басқа түрлерімен салыстырғандағы шыны-оптикалық байланыстың артықшылығы: ақпаратты көп мөлшерде өткізе алады; сыртқы әсерлерге сезімталдығы болмайды; металл желілерге қарағанда жіңішке әрі жеңіл; деректер сандық ақпараттар түрінде беріле алады. Шыны-оптикалық байланыстың негізгі кемшіліктері басқа кабельдерге қарағанда қымбат және мұндай кабель морт сынғыш.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.