Магнит өрісінің энергиясы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Нұсқау карта: «Магнит өрісінің энергиясы»

Оқу мақсаттары:

  • механикалық энергия және магнит өрісі энергиясы арасындағы ұқсастықтарды келтіру;
  • контурдың индуктивтілігі пен ток күшін біле отырып, магнит өрісі энергиясын есептеу.

Жетістік критерийлері:

- механикалық энергия және магнит өрісі энергиясы арасындағы ұқсастықтарды келтіре алады;

- контурдың индуктивтілігі пен ток күшін білет отырып, магнит өрісі энергиясын есептей алады.

Тапсырма 1:

Тербелістер аналогиясы кестесін толтырыңдар:

уақыт

Серіппелі маятник

Жылдамдық

0

0 емес

мах

0 емес

0

Кинетикалық энергия

Ығысу

Потенциалдық энергия

Толық энергия

Тербелмелі контур

Ток күші

0

0 емес

мах

0 емес

0

Магнит өрісі энергиясы

Заряд

Электр өрісі энергиясы

Толық энергия

Тапсырма 2:

Физикалық шамалар аналогиясы кестесін толтырыңдар.

Механикалық шама

Электромагниттік шама

Тапсырма 3:

Есептерді шығарыңдар:

1. Индуктивтілігі L=0,2 Гн соленоид орамы бойымен I=10 А ток жүреді. Соленоидтың магнит өрісі энергиясын W табыңдар.

2. Катушканың (өзекшесіз) индуктивтілігі L= 0,1 мГн. Қандай I ток күшінде магнит өрісі W энергиясы 100 мкДж-ге тең?

3. Соленоидтың N=1000 орамы бар. Орамдағы I ток күші 1 А, соленоидтың көлденең қимасы арқылы өтетін Ф магнит ағыны 0,1 мВб. Энергияны есептеңдер...

4. Темір сақинаға бір қабат болып N=200 орам оралған. Егер ток күші I=2,5 А болғандағы Ф магнит ағыны 0,5 мВб-ге тең болса, магнит өрісі W энергиясын анықтаңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.