Оптикалық приборлар. Көз-оптикалық жүйе. Физика, 8 сынып, қосымша материал 2.


Көз-оптикалық жүйе.

Көздің көру кемістігі және олардың түзету әдістері.

 1. Көрудің маңызы.

 Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%-дан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көруге байланысты тұрмыстық және еңбек дағдыларын, мінез құлықтың белгілі бір ережелерін орындауды үйренеміз. Демек, адам үшін сыртқы дүниені тануда көру аса маңызды рөл атқарады. Көру арқылы адамдар жазуға, оқуға үйренеді.

 2. Көздің құрылысы.

 Көз алмасының пішіні шар тәрізді. Көз алмасын қимылдататын бұлшық ет арқылы көз шарасына бекінеді.Қасаң қабық көзді сыртынан қоршайды және жарықты өткізеді.Тамырлы қабықта қан тамырлары орналасады. Қан тамырлары қара пигментпен жабылған. Сондықтан тамырлы қабық жарықты өткізбейді. Тамырлы қабық көзді қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықта қарашық орналасқан, қарашық нұрлы қабыққа жалғасады.

 Көздің түсі нұрлы қабыққа байланысты. Қарашық жарқыраған жарықтан тарылып көз ішіне жарық ағынын шектейді, ал қараңғыда ұлғайып шашыраған жарықты ұстайды. Көз алмасының артқы қабырғасында көздің тор қабығы орналасады. Көздің ішкі бөлігі көздің пішінін сақтайтын мөлдір іркілдек затпен –шыны тәрізді денемен толтырылған.

 Кѳздің диаметрі: d=22мм

 Көз бұршағынын сыну кѳрсеткіші п=1,44

 Кѳздің оптикалық күші Д=58 дптр

   

 3. Көру анализаторының қызметі.

 Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін фокустайды. Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды

4. Көрудің бұзылуы.

 Сау көз бен оның алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік тәрізді кемшіліктері – қасаң қабық пен торламаның арақашықтығына байланысты. Егер көзге күш түсурмей параллель шоқтарды торламада жататын нүктеде жинаса, онда ол сау көз деп аталады. Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп аталады. Жакыннан көргіштікте көз алмасы үзарып, көз бүршағы аккомодацияға бейімділігін жоғалтады. Сондыктан жақыннан көргіш адам алыстағы нәрсені нашар кереді. Жакыннан көргіш адамдарда нөрсенің анык кескіні торламаның алдында болады, ал торламада кескін анық емес.

 

 Жақыннан көргіштікті жасанды түзету үшін - ойыс, шашыратқыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Олар нәрсенің анық кескінін торламаға жылжытады. Мұндай линзалардың оптикалык күшінің алдына минус (теріс) таң-басы койылады: -0,5 дптр; -1,5 дптр жөне т.б.

 

 Көздің екінші бір көру кемістігі — алыстан көргіштік адамның жасы ұлғая келе, шамамен 40 жастан асқан соң, біртіндеп артып отырады, бірак кейде туа біткен болады. Алыстан көргіштіктің себебі — көз бұршағының айналасындағы бұлшык еттердің босаңсуынан. Алыстан кергіш — адамда алыстағы нәрсенің де, жақындағы нөрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында, тордың артында болады Сондыктан торламаның өзіндегі кескін анык болмайды.

 

 Алыстан көргіштікті жасанды тузету ушін дөңес жинагыш менискілік линзалы көзілдірік киеді. Мұндай линзалар торламада нәрсенің аны кескінін алуға көмектеседі. Алыстан көргіш адамдарға арналған көзілдіріктің оптикалык күші +0,5 дптр, +2 дптр және т.б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу