Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы). Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ тақырыбы: Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы)
Оқу мақсаты: Сұйықтардағы электр тогын сипаттау.
Тапсырмалар:
Берілген құралдар: ток көзі, электр шамы, кілт, электрод, әр түрлі сұйықтар
Мақсат: Қандай заттар электр тогын өткізеді?
Сендерге берілген үлгілер салынған стаканға электродты орналастырайық. Берілген құралдардан тізбектелген тізбек құрайық. Ток көзін косыңдар. Кілтті тұйықтаңдар. Берілген заттар мен ертінділердің ток өткізгіштігі туралы қорытынды шығарыңдар.
Оқушылар берілген кестені толтырады
Заттар | Шам жанадыма, әлде шам жанбайды ма | қорытынды |
1топ: тұз кесегі, тұз ерітіндісі, қант, қант ерітіндісі, лимон қышқылының ертіндісі, ас содасының судағы ертіндісі таза су, крандағы су
2 топ: тұз кесегі, тұз ерітіндісі, қант, қант ертіндісі, кока- кола, ас содасының судағы ертіндісі таза су,крандағы су
3 топ: тұз кесегі, тұз ерітіндісі, қант, қант ерітіндісі, алма шырыны, ас содасының судағы ерітіндісі таза су,крандағы су
Есептер шығару
1.Өткізгіш арқылы 3,6· Кл заряды 30 минут ішінде өтеді. Өткізгіштегі ток күшін анықтаңдар.
2. Өткізгіштегі ток күші 1,5 мА және оның созу уақыты 50 с болса, өткізгіш арқылы өткен заряд шамасын анықтаңдар.
3. 10 мин ішінде электр шамы арқылы 300 Кл электр мөлшері өтеді. Шамның ток күшін табыңыз
4. Егер сымдардағы ток күші 5 А болса, онда электр плита арқылы10 мин ішінде өтетін электр мөлшерін табыңыз
Қосымша тапсырмлар:
1. Электролит арқылы 1 сағат бойы 1 А ток жүреді. Катодта бөлінген күмістің массасын табыңдар. Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118•10-8 кг/Кл.
2. Мыс сулфиті ерітіндісінің электролизі барысында 4 кВт•сағ жұмыс жасады. Ванна электродтары арасындағы кернеу 6 В болса, бөлініп шыққан мыстың мөлшерін анықтаңдар.
3. Ток күші 1,6 А болғанда 10 мин ішінде электролиттік ваннаның катодына 0,316 г мыс бөлініп шықты. Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар.
4. 10 мин ішінде ваннада 0,67 г күміс бөлініп шығады. Ваннамен тізбектеліп қосылған амперметр 0,9 А көрсетті. Амперметрдің көрсетуі дұрыс па?
5. Ішінде күміс тұзы бар электролиттік ваннадан 1 мА ток жүреді. 1 с ішінде қанша күміс бөлініп шығады?
6. Электролит арқылы 1,5 А ток күші өткенде, 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?
7. Никель тұзы толтырылған электролиттік ваннаға ішінде хром тұзы бар ванна тізбектей қосылған. Тізбекті ажыратқаннан кейін бірінші ваннада 10 г никель бөлінген. Екінші ваннада қанша хром бөлінеді?
8.Алюминийді өндіргенде ток күші 40 кА болғанда, 5 В кернеумен жұмыс істейтін ванна қолданылады. 1 т алюминий өндіру үшін қанша уақыт қажет және бұл жағдайда энергия шығыны қандай?
9. Техникалық норма бойынша электролиттік ваннадағы кернеу 0,4 В болса, 1 т мысты бөліп шығару үшін жұмсалатын энергия шығыны қандай болады?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру