«Тұрақты ток. Өткізгіштерді жалғау. Электр энергиясын тұтыну» бойынша есептер шығару. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Есептер шығару
№ 1. Ұзындықтары бірдей мыс және темір сымдар параллель қосылған. Темір сымның диаметрі мыс сымның диаметрінен 2 есе артық. Мыс сымдағы ток күші 60 мА. Темір сымдағы ток күші қандай?
№ 2. Сызбадағы тізбектің жалпы ток күші неге тең? Тізбектің кернеуі 120 В.
№ 3. Сурет бойынша екінші вольтметрдің көрсеткішін анықтаңыз.
№ 4. Сурет бойынша тізбек бойынша жалпы кернеуді анықтаңыз.
Дескрипторлар:
- Берілгенін жазады;
- Өткізгіштердің жалпы кедергілерін анықтайды;
- Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады;
- Тізбектегі кернеуді анықтайды;
- Алынған білімдерге негізделіп қорытынды жасайды.
№ 5. Берілген тізбектің жалпы ток күшін және бірінші шамның ток күшін анықтаңыз.
№ 6. Берілген тізбектің ток күштері мен қуаттарын анықтаңыздар.
Дескрипторлар:
- Есептің шартын жазады;
- Шамаларды ХБЖ-ға өрнектей алады;
- Есепті шығаруда қуат формуласын қолдана алады;
- Белгісіз шаманы анықтауда формуланы түрлендіре алады;
- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.
Тапсырма
- Әр түрлі электр тогын тұтынушы құралдар мен олардың техникалық паспортын қолдарыңызға алыңыздар.
- Паспорты бойынша осы құралдардың қуатын қолданыңыз.
- Теориялық жолмен осы құралдарда электр тогының атқаратын жұмысын мына уақыт аралықтары үшін есептеңіздер: 1,5 сағ.
- Алынған мәндерді кестеге жазыңыздар.
- Осы уақыттар ішіндегі шығындалған электр энергиясының құнын төмендегі формула бойынша есептеңіздер:
№ 1. Берілген шаңсорғыштың қуаты 2000 Вт. Шаңсорғыштың жұмысын, энергия шығынын (Дж), 1,5 сағат жұмыс істеген кездегі құнын анықтаңыз.
№ 2. Берілген электр үнемдеуші шамның қуаты 15 Вт. Шамның жұмысын, энергия шығынын (Дж), 1 айда (30 күн) 1,5 сағаттан жұмыс істеген кездегі құнын анықтаңыз.
Дескрипторлар:
- Есептің шартын жазады;
- Шамаларды ХБЖ-ға өрнектей алады;
- Есепті шығаруда жұмыстың формуласын қолдана алады;
- Белгісіз шаманы анықтауда формуланы түрлендіре алады;
- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.