«Тұрақты ток. Өткізгіштерді жалғау. Электр энергиясын тұтыну» бойынша есептер шығару. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Есептер шығару.

№ 1. Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай болады?

№ 2. Өткізгіштен 50 Кл электр зарядтары ағып өткенде жасалатын жұмысты есептеңіздер. Ал өткізгіштің ұштарындағы кернеу 120 В.

№ 3. Ұзындығы 2 м, қимасының ауданы 0,18 мм2 , никелин сымының кедергісін табыңыздар. ()

№ 4. Электр тізбегінің бір нүктесінен екінші нүктесіне 240 Кл зарядты тасымалдағанда 16 мин уақыт ішінде 1200 Дж жұмыс жасалды. Тізбектегі кернеуді және ток күшін табыңыздар.

Дескрипторлар:

  • Есептер шартын дұрыс жазады;
  • Шамаларды ХБЖ өрнектейді;
  • Ток күші, кернеу, кедергі формулаларын есептеуде қолдана алады;
  • Формулаларды түрлендіре алады;
  • Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.