Балет өнері. Музыка, 5 сынып, қосымша материал. 4 – сабақ.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ барысын оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырудан бастаңыз. Оқушылармен сабақтың мақсаты мен тірек сөздерді талқылап, қайталау - балет, ансамбль, либретто, увертюра, музыканың көркемдеуші құралдары.
«Сөзді тап» стартерімен сабақты жалғастырыңыз:
Кез келген бір оқушыны шақырып, берілген сөзді жасырып сыныпқа көрсету. Басқа оқушылар сипатын береді, ал осы оқушы қайсы түсінік екенін айтып беру қажет. Түсініктер: балет, увертюра. Музыканың көркемдеуші құралдары: динамика, екпін, ырғақ, лад, регистр, тональдік, тембр т.с.с.
Тыңдау және талдау тапсырмасын И. Стравинскийдің «Жар птица» балетінен үзінді көру арқылы орындатыңыз. Оқушылармен балеттегі музыканың рөлі туралы талқылау жүргізіңіз.
Балетке барғым келеді үлестірмелі мәтінін таратыңыз:
Біздің қалаға Астана қаласынан «Астана Балет» труппасы келді. И. Стравинскийдің «Жар птица» балетін апаммен бірге көруге алғашқы рет барғаным осы. Бір қызығы мен музыканы жазбамен қоя ма десем, басынан соңына дейін оркестрдің орындауымен бишілер билеп шықты. Апам ол симфониялық оркестр екенін түсіндірді. Таңқалғаным бәрі біркелкі билеп сондай әдемі көрсетті. Костюмдері де ерекше екен. Ертегінің сөздері болмаса да маған барлығы түсінікті болды. Музыканың да дәл сол кейіпкерлерді түсінікті етіп бейнелеуі өте қызықты болып маған «Жар птица» балеті ерекше бір әсер берді.
Топта берілген сұрақтарға талдауды «Сұхбат» тәсілімен журналист және сұхбат беруші ретінде ұйымдастырыңыз. Журналист әр топқа дайындалған сұрақтарға немесе өзі құрастырған сұрақтарды қойып оған жауап алуына болады.
Төмендегі бағалау критерийлер көмегімен өзара бағалау жүргізіңіз:
- Пәндік терминологиямен музыканы талдау;
- Сұхбатты музыканың көркемдеуші құралдарына байланысты жүргізу.
«Бұл кім?» викторина тапсырмасын орындау үшін М.Плисецкая, Б.Аюханов, А.Асылмуратова, Л.Альпиева, С.Рахметова суреттерін алдын-ала дайындаңыз. Атақты балет орындаушыларымен танысып, викторинаға қатысу-фотосуреттен балет орындаушысын анықтап, атап беруін сұраңыз.
Тыңдау және талдау тапсырмасына төмендегі шығармалардан үзінділерді көріп, салыстырыңыздар:
- К.Сен-Санс“Аққұ”. М.Плисецкая орындауында
- П.И.Чайковский "Щелкунчик", Танец феи Драже
- Ұқсастықтары қандай?
- Орындаушы қандай бейнелерді сомдап тұр? Қандай әдіс - тәсілдермен бейнелейді?
- Орындаушылар кейіпкердің көркем бейнесін жеткізе алды ма?
- Қандай әдістер, құралдар арқылы? Сұрақтарын талқылаңыз.
Сонымен қатар, оқушыларға қосымша тапсырма орындата аласыз. Ол үшін
П.И.Чайковскийдің «Танец феи Драже» әуенін бірнеше фразасын орындап беруін сұраңыз.
Сабақ соңында берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, рефлексия жүргізіңіз.
Мен ... ұқтым;
Мен балеттің ерекшелігін түсіндім;
Балеттің ... орындаушысы жайлы білдім т.с.с
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.