Балет өнері. Музыка, 5 сынып, қосымша материал. 5 – сабақ.


6 сынып Музыка Балет өнері 4 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Балет өнері

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

- Балет өнерінің музыкалық шығармасын талдау және жанрларымен танысу;

  • Музыкалық шығарманы орындау барысында балет өнерінің көркем бейнесін көркемдеуші құралдар арқылы көрсету, салыстыру.

Сабақ барысы:

1 кезең. Оқушыларды балет өнерінің фотосуреттері арқылы 4 топқа бөліп, сабақ тақырыбын мозаика әдісі арқылы ашыңыз.

Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтаңыздар.

2 кезең. сіз презентацияны негізге ала отырып балет өнері туралы ақпарат беріңіз.Балеттің түрлері мен жанрлары туралы атап кетіңіз.

Тапсырма 1. 1-2 минут уақыт аралығында бейнебаян тамашалаңыз.

Оқушылармен балет өнерінің бейнебаянын тамашалаңыз.

Тапсырма 2. Көрсетілген бейнебаянды толықтай талдау және салыстыру жүргізіңіздер.

Оқушылар балет өнерінің 4 жанрын топ ішінде талдайды, салыстырады.

Кестені толтырады.Сіздің міндетіңіз қиындық туғызған оқушыларға көмек өкрсету, бағыт бағдар беру.

Балет жанрлары

Сипаттамасы

қаһармандық

драмалық

комедиялық

сюжеттік

Тапсырма 3. Орындау.

Балет өнернің 4 жанрына топпен қойылым жасауды ұсыныңыз. Сіз оқушыларға бірнеше бағыт-бағдар, көмек көрсете аласыз.

3. Бағалау.

«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау өткізу. Түрлі түтсті бағдаршамдарды әр оқушының алдына дайындап қойыңыз. Жасыл түс «Өте жақсы», Қызыл түс «Жақсы» деген мағынаны білдіреді.

Рефлексия.

Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды.

«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.