Су әуендері. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 2 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Су – тіршілік көзі

Сабақ: 2

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Су әуендері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 - музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау және оларды орындауда қолдану

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау

3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау

 Сабақ мақсаттары

  • «Жаңбыр музыкасы» композициясын тыңдау және талдау;
  • Рейнстик - «Жаңбыр таяқшасы» музыкалық аспабын жасау;
  • Өз жұмыстарын таныстыру және бағалау;
  • Б.Бейсенованың «Жау,жау жаңбыр» әнін үйрену және караокеге қосылып орындау.
  • Әнді дирижерлық қимылдар көмегімен орындау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтайды және оларды орындауда қолданады
  • көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындайды;
  • әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • тиісті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;
  • өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

дирижер.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Музыка сізге ұнады ма?
  • Музыка сізге қандай көңіл-күй сыйлады?
  • Көз алдарыңызға не елестеді?
  • Музыкамен екпіні қандай?
  • Қай ладта жазылған?
  • Қай аспаптың дауысын естіп тұрсыздар?
  • Композитор жаңбырдың әуенін жеткізу үшін қандай дыбыстық әсерлер қолданған?
  • Қандай музыкалық аспаптарды естіп тұрсың?

Құндылықтарды дарыту

Адам өміріндегі судың пайдасын айта отырып, табиғатты қорғау, экологияны таза ұстау құндылықтарына көңіл бөлу.

Пәнаралық байланыстар

Физика, география, биология

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға «Жаңбыр» ойынын ойнату

Алдымен алақанмен, сосан саусақтың ұшымен, кейін санға шапалақ соғу арқылы жаңбырдың дыбысын көрсетеді.

Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Жаңбыр дыбысын салу - https://www.youtube.com/watch?v=Y0Vl4arLZpE

Сабақтың ортасы

30 минут

1 тапсырма. Тыңдау және талдау.

«Жаңбыр музыкасы» композициясын тыңдату.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Музыка сізге ұнады ма?
  • Музыка сізге қандай көңіл-күй сыйлады?
  • Көз алдарыңызға не елестеді?
  • Музыкамен екпіні қандай?
  • Қай ладта жазылған?
  • Қай аспаптың дауысын естіп тұрсыздар?
  • Композитор жаңбырдың әуенін жеткізу үшін қандай дыбыстық әсерлер қолданған?
  • Қандай музыкалық аспаптарды естіп тұрсың?

2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс

Топта қолда бар заттарды, яғни түрлі-түсті қағаз, фольга қағазы, күріш, клей, картон түтікшелерді қолданып «Жаңбыр таяқшасын» жасау.

Рейнстик аспабы туралы айтып кетіңіз.

3-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

Жасаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында таныстыру.

Бағалау:

  • Топта жұмыс жасайды;
  • Музыкалық аспапты әсем безендіреді;
  • Жаңбырдың дыбысын жақсы салады;
  • Шығармашылығын қорғай алады.

4-тапсырма. «Ән үйрену және орындау

Әні мен сөзі Бота Бейсенованың «Жау-жау жаңбыр» атты әнін үйрету.Әнді караокеге қосылып, дирижердың қимыл көмегімен орындау.

Жаңбыр музыкасы» композициясы - https://www.youtube.com/watch?v=KDIjEyZ3zTI

Түрлі-түсті қағаз, фольга қағазы, күріш, клей, картон түтікшелер.

«Жаңбыр таяқшасы» жасау-

https://www.youtube.com/watch?v=bU8dVXDNvOQ I

«Жау-жау жаңбыр» әні караокесі -https://www.youtube.com/watch?v=bzWp7TymF8Y

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ рефлексиясы:

-бүгін не білдім?

-қандай жұмыс жақсы өтті?

-нәтижелерді қалай жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары оқушылар әнді фонограммамен жеке орындайды,ал қалған оқушылар топпен орындайды.

Шығарманы тыңдап, сұраққа жауап берген кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Шығармашылық жұмысты критерий бойынша бағалау.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.