Табиғат әуендері. Музыка, 3 сынып, презентация. 4 - сабақ.
1-бөлім. Тірі табиғат.
Табиғат әуендері
Бүгінгі сабақта
«Күзгі әуен» әнін Хадиша Шалабаеваның орындауында тыңдаймыз және талдаймыз;
Ұсынылған ноталар көлемінде әуен құрастырамыз және орындаймыз, ноталарды жазамыз;
«Радуга», «Қобызым» және «Кең дала» әндерін қайталаймыз және мәнерлеп орындаймыз.
Музыка тыңда және талда
Әні мен сөзі Иса Омардың «Күзгі әуен» әнін Хадиша Шалабаеваның орындауында тыңдаңыз бейнебаянын тамашалаңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=ULJj0wYmgxE
Сұрақтарды талқыла
Ән не жайында?
Композитор шығармасында күзді қалай суреттеп жеткізген?
Шығарманың көңіл-күйі қандай?
Композитор қандай дыбыс бояуларын қолданған?
Шығарма қай жанрға жатады?
Бейнесюжет әннің мазмұнын ашып тұрма?
Нота сауаты
До, ре, ми, фа, соль ноталардың көлемінде әуен құрастырыңыз. Оларды нота сызығына орналастырыңыз, дәптерге жазыңыз.
Шығарған әуеніңізді орындап беріңіз.
Қалыптастырушы бағалау
Топта өткен әндерді қайталап, мәнерлер орындаңыз.
1-топ. «Радуга» әні
2-топ. «Қобызым» әні
3-топ. «Кең дала» әні
Дескриптор
Рефлексия
Мен бүгін не білдім?
Тағы не білгім келеді?
Қандай тапсырма мен үшін қиын болды?
Мен үшін қай тапсырма жеңіл болды?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.