Концерт. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 – сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Су – тіршілік көзі» бөлімінің соңғы тақырыбы «Концерт» деп аталады. Сабақтың басында оқушыларды ортаға шақырыңыз. Отаға шеңбер жасап тұрсын. Әр оқушы өзінің оң жағыда тұрған оқушыны жарнамалап таныстырады. (Жақсы қасиеттерін, хоббиін, мінез-құлқын және т.б). Осылай барлық оқушылар бір-бірін таныстырған соң, оқушыларға бір-бірін жақсы білетіндерін атап, оларға ақылды, білімді, бірлікшіл болуға шақырыңыз.
Сабақтың мақсатымен тақырыбымен таныстырыңыз.
1-тапсырмада оқушыларға «Ұлытау» этно-рок тобының концерттік афишасының суретіне назар аударуды сұраңыз. Олардан бұл не сурет екенін және афишаның не үшін қажет кенін талқылаңыз. Сұрақтарды сыныппен талқылай отырып афиша, концерт, этно-рок ұғымдарымен таныстырыңыз. Концерттің түрлерін атап кетіңіз. Дидактикалық материалдар. 1-қосымша.
2-тапсырмада оқушыларға Астана күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концерттен үзінді қарауды ұсыныңыз. https://www.youtube.com/watch?v=60QoFzg13QE
Сұрақтарды талқылаңыз. Концерттің түрлеріне тоқталыңыз. Бұл мерекелік концерт екенін айтыңыз. Басқа концерттен ерекшелігі сахнаның су үстінде орналасқаны және мерекелік отшашу, сахналық тарихи қойылымның болғанын атап өтіңіз. Концерттің атауы Есіл өзенінің жағасында орналасқандықтан солай аталғанын айтыңыз.
3-тапсырмада оқушыларға топта бөлім бойынша өткізілген музыкалық материалдарды кіріктіріп концерттік бағдарлама құрастыруды тапсырыңыз Алдымен оқушыларды 3 немесе 4 топқа бөліңіз. Оларға бөлім бойынша өтілген музыкалық материалдардың атауын естеріне салыңыз. Концертке атау беруді тапсырыңыз. Шығармашылық жұмыс жасау үшін топтарға ноутбуктар/ А4 форматта қағаздар ұсыныңыз.
Музыкалық материалдар:
- Қабыкей Ахмерұлының «Сары ала қаз» күйі;
- В. Стригоцкийдің «Желкенді кеме» әні;
- Бота Бейсенованың «Жау-жау жаңбыр» әні;
- Антонио Вивальдидің скрипкаға арналған Е -dur «Көктем» шығармасы.
4-тапсырмада оқушыларға жасаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында таныстыруды ұсыныңыз.Алдымен оқушылармен бірлесіп бағалау критерийін дайындап алыңыз. Мысалы,
- Топта жұмыс жасайды;
- Концертке атау береді;
- Бағдарлама мазмұны атауына сәйкес;
- Бағдарлама қызықты құрастырылған.
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- Афиша, концерт, этно-рок ұғымдарына анықтама береді;
- Концерттің түрлерін атайды;
- Концерттік бағдарлама жасайды;
- Өз жұмыстарын таныстырады және бағалайды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.