Концерт. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 4 – сабақ.


Дидактикалық материалдар.

1- қосымша.

«Ұлытау» тобы туралы ақпарат.

«Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Топтың әуендері келесі қолданылаты негізгі аспаптарынан туындайды: домбыра, электр гитара және скрипка.

Топ әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Шешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы – «Жұмыр қылыш». Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Жарыққа шыққан күйтабақта айқын көрініп, әдемі тыңдалатын дүниенің бірі – «Жұмыр қылыш». Оның өне-бойында даланың рухы болған соң, біз альбомды «Жұмыр қылыш» атадық». Күйтабаққа он композиция енген. Олардың ішінде күй атасы – Құрманғазының «Адайы», Вивальдидің «Жыл мезгілдері» мен өзге де қазақ күйшілерінің үздік туындылары бар.

https://kk.wikipedia.org/wiki/Ұлытау_тобы

2-қосымша

Музыкалық сөздік

Афиша (фр. affiche - хабарландыру) - спектакль, концерт, цирк, т.б. мәдени шараларды алдын ала хабарлайтын жарнаманың бір түрі.

Концерт —  алдын ала арнайы жасалған бағдарлама бойынша музыкалық, әдеби-хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау. Концерттің эстрадалық концерт, классикалық музыка концерті, қайырымдылық концерті, жеке шығармашылық концерті және т.б түрлері болады.

Этно-рок – музыкалық жанр. Ұлттық музыканың рок музыкасына қосылған түрі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.