Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді ықшамдау. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

V. Математикалық лото

Әрбір топ әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектің мәнін табуы керек . Өрнектер кеспеқағаздарда жазылған. Жауаптардың нұсқалары тақтада үлкен картада жазылған.

75

490

2

56

232

27

39

303

Оқушылар өздерінің кеспеқағаздарын өз жауап нұсқасына бекітеді.

Өрнектердің мысалдары:

1 топ

а) х = 55 болғанда, х : 5 + 64; б) п = 378 болғанда, 135 + п – 23    ;

2 топ

а) m = 110  болғанда, (m + 114): 4  ;б) у = 603 болғанда, 102 + (у : 3).

3 топ

а) х=180 болғанда, (х – 45) + 97б) болғанда а = 12 , а • 9 – 69  ;

Қалған екі санға арналған тапсырма:

1) Әріптің қандай мәнінде өрнектің мәні 10-ға тең болады?

7 • а – 4 = 10 (а = 2)

2) Әріптің қандай мәнінде өрнектің мәні 27-ге тең болады?

35 – в • 2 = 27 (в=4)

Кеспеқағаздарды аударғанда сурет шығады.

Оқушыларға Ф. Виеттің портреті көрсетіледі.

Франсуа́ Вие́т, сеньор де ля Биготье (фр. François Viète, seigneur de la Bigotière; 154013 ақпан 1603) француз математигі, символдық алгебраның негізін қалаушы. Өз еңбектерін «Франциск Виета» (Franciscus Vieta) деген атпен шығарғандықтан, оны кейде «Виета» деп атаған. Білімі және негізгі мамандығы бойынша – заңгер.

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B8%D0%B5%D1%82,_%D0%A4%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%81%D1%83%D0%B0

Қосымша 2

 Күрделірек есептерді шешу:

 1-есеп. Партердің әрбір қатарында к орын, ал қатарлар саны қатардағы орындар санына қарағанда 8-ге артық. Партерде қанша орын бар?

 Егер к = 10; к = 16 болса, есепке өрнек құрастырып, оның мәнін табыңыз

 Шешімі:

 Қатарда – к орын

 Қатарлар саны – (к + 8) қатар

 Барлығы қанша орын?

 

 Егер к = 10 болса

 (орын)

 Егер к = 16 болса

 (орын)

 Жауабы: ; 180 орын, 384 орын.

 

 2-есеп. Туристер саяхат уақытында 450 км жүруі тиіс еді. Олар таулармен 4 км/сағ жылдамдықпен а сағат, қайықпен 8 км/сағ жылдамдықпен b сағат, велосипедпен 40 км/сағ жылдамдықпен с сағат жүрді және қалған арақашықтықты атпен жүріп өту керек болатын. Туристер атпен қанша арақашықтықты жүріп өтеді?

 a) Есепті шешу үшін өрнек құрастырыңыз.

 b) екені белгілі болса, онда туристер атпен қанша арақашықтықты жүріп өткенін табыңыз.

 Шешімі:

 Барлығы– 450 км

 таулармен – а сағат; v = 4 км/сағ

 қайықпен b сағат; v = 8 км/сағ

 велосипедпен – с сағат; v = 40 км/сағ

 Атпен– ? км

  (км)

 Жауабы: a) (км); b) 10 км.

 

 3-есеп. Сынық сызықтың бір буынының ұзындығы – 3 см 4 мм, және ол екінші буыннан х мм-ге ұзын. Үшінші буын екіншіге қарағанда у мм-ге қысқа. Үшінші буынның ұзындығын тап және оны х = 5 мм, у = 1 см 6 мм деп есепте.

 Шешімі:

 АВ = 3 см 4 мм = 34 мм

 ВС = 34 - х (мм)

 СD = 34 - х - у (мм)

 Егер х = 5 мм; у = 1 см 6 мм = 16 мм

 АВ = 34 мм

 ВС = 34 - 5 = 29 мм

 CD = 34 - 5 - 16 = 13 мм.

Жауабы: үшінші кесіндінің ұзындығы 1 см 3 мм тең.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу