Жауабын шамалау.Есеп шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері

№ 140 сабақ. Тақырыбы: Жауабын шамалау.Есеп шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.6 есеп жауабын алдын ала болжау,нәтиженің құрама есеп шартына сәйкестігіне түсіндірме келтіру.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,

қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Есептеудің дәл нәтижесі бізге қайда және қашан керек? Қай кезде сандарды дөңгелектеуге болады? Дөңгелектеу деген не және оны сабақта және күнделікті өмірде қалай қолдануға болады? Бұл түсініктер әркімге шамалап есептеуді білу үшін керек, мысалы, 200 теңгеге қанша кәмпит сатып алуға болады? Бір таңбалы санға көбейту нәтижесін шамалап есептеу қадамдары:

1) өрнектің компоненттерін өзіне жақын дөңгелек санмен ауыстыру;

2) шыққан өрнектің мәнін есептеу және шамалауды жазып көрсету.

Бір таңбалы санға бөлу нәтижесін шамалап есептеу қадамдары:

1) өрнектің компоненттерін бөлуге ыңғайлы өзіне жақын дөңгелек санмен ауыстыру;

2) шыққан өрнектің мәнін есептеу және шамалауды жазып көрсету.

Сабақ бойынша ұсыныстар:

Кіріспе тапсырма

«Допты лақтыру»

(Ұ.Ж) Сабақты оқушыларға «Доп лақтыру» ойынын ойнатудан бастаңыз. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қоюды сұраңыз. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл ойын арқылы оқушылар шамалап жауап беру туралы алған білімдерін қайталайды.

Мысалы: 125+236400 548-239300

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Тамаша!», «Керемет!», «Жарайсың!» т.с.с.

Сонымен қатар,сандарды көбейту мен бөлу нәтижелерін шамалауға болатындығын айтыңыз.

*Көбейту амалының нәтижесін шамалау үшін келесі қадамдарды жасау керек:

1) санды өрнектің компоненттерін жуық мәнді дөңгелек санмен ауыстыру;

2) шыққан өрнектің мәнін табу және шамалауды жазып көрсету.

Мысалы: 27 ∙ 6 ≈ 30 ∙ 6 = 180

Көбейтуді шамалап орында

Бірінші көбейткішті дөңгелектеп, жауабын шамала:

Жауабы:

29 ∙ 8 ≈ 30·8=240

152 ∙ 3 ≈ 200·3= 600

32 ∙ 6 ≈ 40·6=240

65 ∙ 5 ≈ 70·5=350

18 ∙ 9 ≈ 20·9=180

46 ∙ 7 ≈ 50·7=350

294 ∙ 3 ≈ 300·3=900

39 ∙ 7 ≈ 40·7=280

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

*Бөлу амалының нәтижесін шамалау үшін келесі қадамдарды жасау керек:

1) санды өрнектің компоненттерін бөлуге ыңғайлы болатын жуық мәнді

дөңгелек санмен ауыстыру;

2) шыққан өрнектің мәнін табу және шамалауды жазып көрсету.

Мысалы: 512 : 4 ≈ 520 : 4 = 130

Бөлуді шамалап орында

Бөлінгішті бөлуге ыңғайлы дөңгелек санмен ауыстырып, жауабын шамала:

Жауабы:

585 : 3 ≈ 600:3=200

695 : 5 ≈ 700:5=140

471 : 3 ≈ 480:3= 160

628 : 4 ≈ 600:4=150

492 : 2 ≈ 500:2=250

848 : 8 ≈ 800:8=100

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Қатесін тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.

Оқушыларға тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Орындап болған соң, жұптар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірінің дәптерін тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

427+183= 610 684+157= 841

876-153= 723 853-371= 482

346•2= 692 294•3= 882

514:2= 257 894:3= 298

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Сүт

(Ж.Ж)Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға тапсырманың шығару жолын жұпта талқылап, жазады ұйымдастырыңыз.Жұптар бір –бірімен дәптерлерін ауыстырып, тексеруді сұраңыз. Кейбір жұптардан тапсырманы қалай орындағанын және есептің сұрағына қалай жауап беруге болатынын сұраңыз. Нәтижесін шамалауды неше рет орындау керек болады?

Шешуі: 1)9 +18=27 (литр)

2) 200·65= 13000(граммм)=13(литр)

Жауабы: жетеді.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойлан, шығар

(Т.Ж)Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Есептің шартын топта талдау және оның мәнін шамлап есептеуді ұйымдастырыңыз. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, жауабын тақтада көрсетіп, түсіндіру жүргізеді. Қалған оқушыларға шамалаудың дұрыс есептелгенін салыстыра отырып тексеруді сұраңыз. Оған анық көз жеткізу үшін өрнектің дәл мәнін есептеп, нәтижелерін салыстыруды сұраңыз. Қай зат артық.

Жауабы:

200- (45+45+50+24+62)=226 (кг)

Жауабы: жеткізе алмайды. Пияз артық.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойлан, тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Орындап болған соң, жұбымен дәптерлерін ауыстырып, дайын жауап арқылы бір –бірінің жұмысын тексеріп, бағалауды ұсыныңыз.

Шешуі: 1)26·2=52(жейде)

2)53-52=1(метр)

Жауабы: мүмкін.

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Сабақ соңында СМС әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз. Қағаздан жасалған ұялы телефонға оқушылар сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын мұғалімге СМС арқылы жібереді.

Не үйрендік?

  • Көбейтудің нәтижесін қалай шамалауға болады?
  • Бөлу нәтижесін шамалаудың қандай ерекшелігі бар?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу