Кестеден тыс көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу
№92 сабақ. Тақырыбы: Кестеден тыс көбейту және бөлу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау;
3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Екі таңбалы санды жіктеу әдісімен бөлу керек.Көбейту кезінде бөлінгіш шығатын бір таңбалы санды табуымыз керек. Қосындыны санға бөлу үшін екі қосылғышты есептеп, оны санға бөлеміз. Сонымен қатар, қосындыны санға бөлу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижелерді қосамыз.
(а+ b) : c = a: c + b : c.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе тапсырма
(Ұ.Ж) «Кім жылдам?» ойыны ойнаудан бастаңыз. Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, кезектесіп мысалдарды орындайды. Қате кеткен мысал болса, келесі оқушы жөндеуі керектігін есекртіңіз. Егер қате кеткен мысалдар болса. Қай топ бірінші болса және дұрыс шығарса, сол топ жеңіске жетеді.
Жауабы: 35,12,56,8,9,30,21,8,9
45,42,35,8,9,15,18,63,8,9
40,30,56,8,9,20,42,14,8,9
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
(Ж.Ж) Көбейтіндіні тап. Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Оқушылар екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтеді. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар жұптасып дәптерлерін ауыстырады. Бір-бірінің жұмысын тексереді.
Жауабы:65, 48, 128,252
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
(Ж.Ж) Бөліндіні тап. Оқушылар тапсырманы өз бетінше шығаруды ұсыныңыз. Оқушылар екі таңбалы санға бір таңбалы санды бөледі. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар жұптасып дәптерлерін ауыстырады. Бір-бірінің жұмысын тексереді.
Жауабы: 47,37, 17, 26, 23, 19
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу
-Екі таңбалы санды бөлуде қандай әдіс ыңғайлы?(жіктеу әдісі – бөлгішті көбейту кезінде бөліндініңмәніне тең болатын бір таңбалы санды табу керек).
Есепті шығар
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар алдымен есепті түсініп оқиды. Оқушылар қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған парақтарға қысқаша шартын немесе сызбасын, шешуін, жауабын жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, келесі топқа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Дайын жауап арқылы оқушылар тексеріп, бағалайды.
Жауабы:А)9, Ә) 12
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз
Периметрін тап
(Ө.Ж) Оқушылар есепті өз бетінше шығарауды ұсыныңыз. Оқушылар тіктөртбұрыштың периметрін табады. Дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеріп, бағалайды.
Жауабы:12 см
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Теңдеуді шеш
(Ж.Ж) Оқушылар теңдеуді өз бетінше орындауды сұраңыз. Шығарып болған соң, жұптасып бір –бірінің тапсырмасын тексеруді ұйымдастырыңыз.
Жауабы: х=23, х=21, х=18
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз
Өрнектің мәнін тап
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы алдымен жұппен орындауды ұсыныңыз. Содан кейін топтасып, ортақ шешімге келеді. Дұрыс жауабын ламинатталған параққа жазады. Тақтаға бір оқушы шығып, қорғайды. Бұл тапсырма арқылы санды қосу мен азайтуды разрядтардан аттап есептеу және кестеден тыс көбейту және бөлу дағдыларын пысықтайды.
Жауабы:5;4;15;11
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Шығарып көр
(Т.Ж) Оқушыларға тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Соын топтасып талқылайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған параққа жазады. Шығарып болған соң,топтар бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалауды ұсыныңыз.
Жауабы:А) 60 перде, Ә)38 жейде
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу жүргізіңіз
Сабақ соңында кері байланыс алыңыз.
-Не үйреніп, не білдік?
Сабақты «Басбармақ» әдісі арқылы рефлексия алумен аяқтаңыз.
-Барлығын түсіндім
- Енді түсініп келемін
- Түсінбедім
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру