Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Математика
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім – Шамалар. Есептер | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: 20.04.18 | Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К | |||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.5.1.3 Есептерді талдау және шешу: бірдей қосылғыштар қосындысын табу; құрамы бойынша бөлу және тең бөлікке бөлу/ санды бірнеше есе арттыру/кеміту/ еселеп салыстыру/ тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен периметрін табу/ тура және жанама сұрақтары бар есептерін талдау және шешу/ кері есептер құру және шешу. | |||||
Сабақ мақсаттары | Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Қалдықты табуға берілген есеп, өрнек құрастыру, тура және жанама сұрақтар. | |||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | |||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | |||||
Бастапқы білім | Есепті талдайды, шеше алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа психологиялық дайындық | |||||
Сабақтың ортасы 32 минут | Үй тапсырмасын тексеру Қызығушылықты ояту. «Ойлан,тап!» Ойын. Кеспеқағаздардан сандарды көрсету нәтижесін ламинатталған қағазға жаздыру. 9 саны 36- дан қаншаға кем? 36cаны9 –дан қанша есе артық? 9cаны36 –дан қанша есе кем? 28 cаны 7 –ден қаншаға артық? Жауабын тақтада шығару. Өзін-өзі тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығарады. Дескриптор: -есептің шартын жазады; -есептің сұрағын көрсетеді; -есепті шешу өрнегін құрастырады; -есептеуді дұрыс жүргізеді; -есептің жауабын жазады. Топпен жұмыс. «Қараторғайларға арналған ұя» тапсырмасы Жөндеу керек- 13 ұя Жөндеді – 3 *4 ұя Қалғаны- ? ұя Шешуі: 1) 3 * 4=12 (ұя) 2) 13- 12=1 (ұя) Жауабы: 1 ұя қалды. Топтар бірін- бірі бағалайды. Дифференциация Есепті бір өрнекке салып шығар Шешуі: 13- 3 * 4=1 (ұя) Жауабы: 1 ұя қалды. Жұптық жұмыс. «Шығарып көр» тапсырмасы а) Болды- 8*4 ұя Қоныстанды – 15 ұя Қалды- ? ұя Шешуі: 1) 8*4=32 (ұя) 2) 32- 15=17 (ұя) Жауабы: 17 ұя қалды.
ә) Болды- 8*4 ұя Қоныстанды- ? ұя Қалды – 17 ұя
Шешуі: 1) 8*4=32 (ұя) 2) 32- 17=15 (ұя) Жауабы: 17 ұяға қоныстанды. Бұлар- өзара кері есептер. Жұптар бірін- бірі тексереді және бағалайды. Сергіту сәті Қалыптастырушы бағалау Есепті шығару өрнегін жаз.
Болды- 30 ж. Салды- .... Қалды-? ж.
«Ойлан» тапсырмасы Сурет бойынша есеп құрастыру Мұғалім бағалауы. Қорытынды -Бүгін біз не үйрендік? - Біз берілген есептің Қалдықты табуға берілген құрама есеп екенін қалай ажыратамыз? /Есептің сұрағына қараймыз/
Үйге тапсырма: Жұмыс дәптері 34-бет. | Суретті тапсырма, қалыптастырушы бағалау тапсырмасы | ||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. Бүгінгі сабаққа әркім өзінің қалай қатысқанын «Ұя» суреті арқылы бағаласын. - бәрін түсіндім. - түсінбеген сұрақтарым бар. - бүгінгі сабақты түсінбедім. Кім сабақты түсінді? Кімде сұрақ бар? Кім сабақты мүлде түсінбеді? | «Ұя» суреті арқылы бағалау. | ||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады. | Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру