Көбейту және бөлу амалдары туралы түсініктің қалыптасуы. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3B тарау: Көбейту мен бөлуге арналған есептерді шығару Математика | Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И. | |||||
Сынып: 2А | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Көбейту және бөлу амалдары туралы түсініктің қалыптасуы | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.14 Көбейту және бөлу амалдарын (кестелік және кестеден тыс) орындау және қалдықпен бөлу 2.4.1.3 Көбейту мен бөлудің мағынасын түсіну үшін заттар жиынын құрастыру, разряд бірліктерін анықтау (жүздік, ондық, бірлік) | ||||
Сабақ мақсаттары | Кестелік және кестеден тыс көбейту орындау Қалдықпен бөлуді орындау | ||||
Бағалау критерилері | көбейту және бөлу кестесін біледі және оларды қолданып амалдар орындай алады,қалдықпен бөлуді дұрыс орындай алады. | ||||
Тілдік мақсат | Көбейтудің компоненттері, қалдық, қалдық әрқашан бөлінгіштен кіші. | ||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Тақырып бойынша презентация қолдану арқылы АКТ – мен байланыс, екіден болатын дене мүшелерін айту арқылы Ғылымға кіріспе пәнімен байланыс орнайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сызбаның дәлме-дәл құрылысы | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 2 минут | (Ұ) Оқушылармен шеңбер құру. Шеңберде оқушылар мақалдың жалғасын алады. Мақалдың жалғасы бірдей болған оқушылар бір топқа жиналады. | Мақал – мәтелдердің жалғасы жазылған қима қағаздар | |||
Сабақ ортасы 30 – 35 минут
| (МК,Ұ) Мақалды оқу. Мақалдың жалғасы бірдей болған оқушылар топтасады. 1-топ: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын 2-топ: Бес бармақ жиылса, жұдырық болады 3-топ: Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас 4-топ:Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды «Ой қозғау» Берілген тәттілерді екі-екіден бөліп алып, нәтижесінде не шыққанын топта талдау. Қорытынды шығару. -Берілген тәттілерді не істетіңдер? - Бөліп алдық. - Ыдыста тәттілер қалды ма? - Қалды. - Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? -Қалдықпен бөлу. (Т) Топпен жұмыс. 1-топ: 12 шарды 5 балаға тең бөліп беру керек. Олардың әрқайсысына неше шардан тиеді? Неше шар қалады?2-топ: 14 алманы 3 ыдысқа тең бөліп салу керек. Әр ыдыста қанша алмадан болады?Қанша алма қалады? 3-топ: 29 алманы 4 себетке тең бөліп салу керек. Әр себетте қанша алмадан болады? Қанша алма қалады? 4- топ: 17 алманы 3 себетке тең бөліп салу керек. Әр себетте қанша алмадан болады? Қанша алма қалады?Постерлерін толтырып болған соң, тақтаға іліп қорғайды Карточкамен жұмыс. А деңгейі: Бос торкөзді толтыр 28: 3 = □ (қалд.1)19: 4 = □ (қалд.3)14: □ = 4 (қалд.2) С деңгейі. Сәйкестендір 9:2= 2 (қалд. 1) 12: 5 = 1 (қалд. 2) 6:4 = 4 (қалд.1 ) Дәптермен жұмыс. 28: 3 = □ (қалд.1) 19: 4 = □ (қалд.3) 14: □ = 4 (қалд.2) 11: □ = 5 (қалд.1) Бос торкөзді толтырып, тексер 28: 3 = □ (қалд.1) 19: 4 = □ (қалд.3) 14: □ = 4 (қалд.2) 11: □ = 5 (қалд.1) (Ж) Жұппен жұмыс.
1.Суретке қарап қалдықпен бөлуді орында. 2.Егер 16 орындықты әр қатарға 5 орындықтан қойса, неше қатар шығады? Неше орындық артылып қалады? Бөлінгішті, бөлгішті, бөліндінің мәнін және қалдықты атап көрсет.16: 5 = 3 (қалд. 1)16 – бөлінгіш, 5 – бөлгіш, 3 – бөліндінің мәні, 1 – қалдық.Тексеру: 3 ∙ 5 + 1 = 16. | Вазаға салынған конфеттер Постер,маркер,түсті қағаздан қиылған шарлар, алмалар, | |||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
дифференциация сабақ барысында тапсырма бойынша қарастырылады, қосымша тапсырма әзірленеді. | Берілген тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру