Көбейтуге кері амал ретінде бөлуді оқып үйрену. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Матматика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A тарау: Көбейту және бөлу амалдарымен танысу | Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күн Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И. | ||||||
Сынып: 2А | Қатысқандар:17 Қатыспағандар саны: 0 | |||||
Сабақ тақырыбы | Көбейтуге кері амал ретінде бөлуді оқып үйрену | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.12 Бөлуді көбейтуге кері амалы ретінде түсіну; 2.4.1.2 Бөлудің мәнін тең бөліктерге бөлу немесе обьектілерді топтастыру деп түсіну | |||||
Сабақ мақсаттары | Көбейтудің бөлуге кері амал екендігін түсінеді, соған байланысты жаттығу есептерін орындай отыра дағдылары дамиды. | |||||
Бағалау критерийлері | көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен немесе бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен алмастыра отырып, есептеулерді дұрыс орындай алады. | |||||
Тілдік мақсат
|
ер біз..., … болады | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ барысында таныстырылымды пайдаланау арқылы, қалыптастырушы бағалау жұмыстарын тарату арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 2 – ні көбейту кестесі мен оған кері амал ретінде бөлуді қарастырылды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | (Ұ) Оқушылармен шеңбер құру. Жеті бірдей өренбіз , Жеті шумақ өлеңбіз , Жеті түрлі бояумыз, Жеті түрлі әуенбіз , Жеті атаны қастерлеп Өсіп келген өренбіз. 7 - бір таңбалы, тақ сан Бүгін біз сабақ тақырыбына байланысты 7 санына тоқталамыз. 7 саны қазақта киелі сан болып, есептеледі. 7 санына байланысты не білесіңдер? 7 күн, 7 ата, 7 жұт, 7 қазына, 7 шелпек, 7 түс, 7 жетім,7 дәм, 7 шелпек, 7 қазына. | |||||
Сабақ ортасы
| (Ұ, МК) тақтада көрсетілген көбейту кестесін пайдаланып 7 – ні көбейту кестесін қарастыру. (ОТ) Оқушылар 7 – ні көбейту кестесін бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып, көбейтумен алмастыруды дәптерге жазу тапсырылады. 1)7+7+7+7+7+7+7 7х7= 7+7+7+7+7+7+7+7 7х8= 7+7+7+7+7+7+7+7+7 7х9= Көбейту дегеніміз бірдей қосылғыштардың Қосындысы деген қортыныдыға келеді. (Ж) Жұппен жұмыс. Дәптерге оқушылар жұптасып келесі тапсырманы орындайды. 2)7*3 = 7*== 49 21 : 7 = (Ұ, МК) Оқушылар берілген кестеге қарап, көбейту кестесін ауызша талдайды, түсіндіреді. 7 қорапқа – 63 кг алма салынды Әр қорапқа -? кг алма 63:7=9 (кг ) Жауабы: Әр қорапта 9 кг алма (Т) Топпен жұмыс. Сынып оқушылары үш топқа бөлініп, үш себетті толтыру керек, ол үшін жоғарыда берілген көбейту және бөлуге берілген мысалдарды топтаса кезекпен жазу керек. |
| ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс. «Бағдаршам» Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім, орындай алмадым. Сары түс – түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін. Жасыл түс - жаңа тақырыпты меңгердім, өзім орындай аламын. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті төмен оқушыларға топпен жұмыс барысында заттарды қолданып, түсіндірулері, қабілеті жоғары оқушыларға бөлуді орындауын тапсыру. | Оқушыларға берілген практикалық жұмыстар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылау. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру