Өлшем бірліктерін таңдау. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Математика

1Cбөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Күні:2 тоқсан

Сынып 2

ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Тақырыбы

Өлшем бірліктерін таңдау

Оқу мақсаттары

2.1.3.1 ** заттар бетінің ауданын өлшеу үшін шамалар мен құралдар таңдау, палеткамен өлшем жүргізу/әр түрлі өлшеу аспаптарының межелерін ажырата білу және олар бойынша сәйкесінше шама мәндерін анықтау

Сабақ мақсаты

әр түрлі өлшеу аспаптарының межелерін ажырата біледі;

ұзындықты: см, дм, м, массаны: кг, ц/ уақытты: с, мин., ай, жыл олардың арасындағы арақатынастарын анықтай алады;

әр түрлі өлшеу аспаптарының межелерін

ажырата біледі және олар бойынша сәйкесінше

шама мәндерін анықтай алады;

 Бағалау критерийлері

әр түрлі өлшеу аспаптарының межелерін ажырата білсе және олар бойынша сәйкесінше шама мәндерін анықтай алады

 Тілдік мақсаттар

 

  • өлшеу, түрлендіру, салыстыру, нақты

біріншіден…, екіншіден/сосын…, ақырында…

Өлшем бірліктерінің атауларын пайдаланады.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

Өлшем бірліктерін түрлендіру және аталған сандармен амалдар

Сабақ барысы

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер

Сабақтың басы

5 минут

«Ертеңгілік шеңбер»Қайырлы таң!

  • Кел, жаныма тұр, сыныптас.
  • Өз алақаныңды маған аш.
  • Міне, менің қолым бос,
  • Жылуыма жылу қос.

(МК,Ұ,Ж) «Өз жұбыңды тап» ойыны

Оқушыларға шамалар жазылған әр түрлі қима қағаздар таратылады. Әр оқушы өз жазуына сәйкес жұпты табуы керек.

7 дм 70 см

1 ц 100 кг

1 м 100 см

1 м 10 дм

80 дм 8 м

5 м 50 дм

1 т 1000 кг

1 кг 1000 г

4 м 5 дм 450 см

9 дм 1 см 91 см

Жұптар өздерінің таңдауын түсіндіреді.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не істейміз?

-Қандай жетістіктерге қол жеткіземіз?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Интерактивті тақта

Қима карточкалар

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

7 минут

(МК,Т) «Проблемалық сұрақ»

10 л 3 л 2 л 1 л

-Балалар, менде көлемі 10 литр бөтелке бар. Және сыйымдылығы 1 литр, 2 литр,3 литр бөтелкелер бар. Осы шыныларды пайдалана отырып, 10 литр бөтелкені қалай толтыруға болады?

-Өз ұсыныстарыңды өрнек түрінде жазып көрсете қойыңдар.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау, 1 оқушыға тақтаға жазғызу/

-Балалар, осы жазылған өрнектердің қайсысы тиімді?

-Қандай қорытынды жасаймыз?

(МК,Ұ)Оқулықпен жұмыс 72-73 беттер

Сурет бойынша жұмыс жүргізіп, оқушылар есептеу-талдау жұмыстарын жүргізеді.

2-суретпен жұмыс жүргізу.

Есепті талдау және таңдауларын түсіндіруді ұсынамын.

(Ө,Қ)Өздік жұмыс

Жұмысты ерте орындаған оқушыға өздігінен өрнектер құруды ұсынамын.

сурет

Ламинатталған тақталар

Суреттер мен оқулық

Интерактивті тақта

ҚБ парақтары

Сабақтың соңы

3 минут

  • Рефлексия:

-Мен бүгін .................... үйрендім.

-Мен бүгін .................... түсіндім.

-Маған .......................... қиын болды.

  • Өзін-өзі бағалау.
  • Оқушылар шапалақтау арқылы өздерін бағалайды.

Шапалақтау арқылы

Қосымша ақпарат.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті жоғарылау оқушылар өздігінен өлшем бірліктерімен өрнектер құрастырады, талдайды.

Шапалақтау арқылы бағалайды. Өздік жұмысты бағалау.

  • Дене шынықтыру
  • Сергіту сәті


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу