Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну.Ай. Жыл. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В бөлім: Шамалар Уақытта бағдарлану | Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Кожагулова Г.С. | ||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||
Сабақтың тақырыбы | Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну.Ай. Жыл. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.10 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, тәулік, апта күндері, ай) білу, тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолдану және олардың өзара байланысын білу | ||||
Сабатың мақсаттары | Тиісті уақыт өлшемдерін пайдалану және олардың өзара байланысын білу. «Ай, жыл» - уақыт аралағы және уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік беру, оқушыларды ай аттарымен және олардың орналасу ретімен таныстыру, қолайлы уақыт өлшем бірліктерін қолдануға және олардың арақатынасын білуге үйрету. | ||||
Сөздік қор | ай, күнтізбе, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, жыл. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Апта күндері | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
3минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Шаттық шеңбері Біздер тату баламызӨсіп алға барамызЕсептерді шығарып,Біз білімді боламыз ОМ анықтап алу айдың ұзақтығын және аттарын білетін боласың; жылдың қаншалықты ұзақ екенін білетін боласың | bilimland.kz/ iMektep презентация, жыл мезгіліне байланысты суреттер,ай аттары жазыла кеспеқағаздар, үстел күнтізбесі, А3 форматтағы қағаздар, түрлі-түсті маркерлер. |
30 минут | Уақыт аралығы мен уақыттың өлшем бірлігі жыл туралы түсінік беру үшін bilimland.kz/iMektep арқылы бейнеокөрініс көрсету. -Балалар төрт саусақтарымыздың әрбіреуінде үш буыны бар. Әр саусақтың үш буыны – үш ай. Әрбір жыл мезгілінде үш ай болады. Бір жылда 12 ай болады. Балалар тақтаға назар аударайықшы 12 ай кестесі сызылған, менімен бірге ай аттарын қайталап отырыңдар.Қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз.Балалар қыркүйек, қазан, қараша айлары – күз мезгілі. Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс мезгілі. Наурыз, сәуір, мамыр – көктем. Маусым, шілде, тамыз – жаз мезгілі.(Ұ,Т) Оқушыларды қыс, көктем, жаз, күз мезгілдері бейнеленген қима қағаздары арқылы топтарға бөлу. Әр топ жылдың төрт мезгілі суретін постерге жапсырып,жыл мезгіліне сәйкес келетін ай аттары мен ойнайтын ойын аттарын топтастырып жазғызу. Әр топтың жауабын тыңдау. Барлық топтың жауабын тыңдағаннан кейін,ортаға әр топтан бір оқушыны шығарып,оларға ай аттары жазылған кеспеқағаздарды бір-бірден таңдап алуын өтіну.Ай аттарының реті бойынша тұрады. Ал басқа оқушылар ай аттарын хормен атап шығу керек. Ай 30 немесе 31 тәуліктен (ақпанда -28 немесе 29 тәулік бар) тұрады. Күндердің апта және ай бойынша ретімен жазылуын «күнтізбе»- деп те атайды. Айға арналған күнтізбе- бұл күндер ретімен жазылған жазба. Әр айдағы күндер саны әртүрлі: 30,31,28,немесе29 күн. (МК) Сен білесің бе? Айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады.Күнтізбесіз айдағы күндер санын сақтау үшін , саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін қолдануға болады.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейінсолдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни бірінші ай қаңтар- бқл айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай -ақпан Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді.яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі- бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға - бұл айда 30 тәулік. Осылайша 9 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету. Шығарып көр. Жыл -уақыт аралағы. 1 жыл -12 айға немесе 365 тәулікке тең. Ай аттарын оқы. Өзің туған айды ата. Бүгін қай айдың қай күні. Келесі қай ай болады. Күнтізбе бойынша анықта. а) Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады.Сәуір айында оқушыларда неше демалыс күні болады? Жауабы: 9 күн б) Әмір сейсенбі және бейсенбі күндері қазақша күрес үйірмесінде жаттығады.Ол сәуір айында неше рет жаттығуға қатысады. Жауабы: 8 күн (Ж) Жазғы демалыс. Оқу жылы 9 айға созылды. Ал оқушылар қалған уақытты жазғы демалыста болды. Олар жазда неше ай демалады? Жауабы: 3 ай (Ж)Шығарып көр. а) Өткен жылы Данияр 6 жаста болды. Ол қазір неше жаста? Ол 3 жылдан кейін неше жаста болады? Жауабы: Қазір 7 жаста. 3 жылдан соң 10 жаста болады. ә) Арман 1 ші қыркүйектен бастапсанап, жаңа жылдың неше айдан кейін келетінін білмекші болды.Оған көмектес. Жауабы: 4 айдан соң. б) Қаңтардан кейін 5 ай өтті. Қазір қай ай болды? Жауабы: шілде (Қ) Дескриптор: Білім алушы -уақыт өлшем бірліктерін ажыратады; -нүктенің орнына тиісті санды жазады. Нүктелердің орнына тиісті шаманы жазыңыз. 1 сағ. = ... минут 1 ай = ... күн 1 жыл = ... ай 7 күн = ... а Төменде берілген уақыт өлшем бірліктерін өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңіз.
КҮН ЖЫЛ САҒАТ МИНУТ АПТА Күнтізбеден бүгінгі күнді белгілеңіз және атаңыз. Дескриптор: Білім алушы - сағатпен өлшенетін өлшем бірліктерін анықтайды; - күнтізбемен өлшенетін өлшем бірліктерін анықтайды; - күнтізбеден аталған уақытты белгілеп көрсетеді. | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер? -Қазір қай ай? -Бұл ай жылдың қай мезгіліне жатады? -Осы айдың алдында қай ай өтіп кетті? -Бұл айдан кейінгі айды тауып айт. -Қай айда мұсылман халқының жаңа жылы болады? -Ақпан айында неше күн бар? - Балалар қазір қандай мезгіл? (қыс)- Ендеше қыс мезгіліне байланыс сурет салайық. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
уақыт өлшемін анықтауда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету. | уақыт өлшемін анықтап үйренеді | Сергіту сәті |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру