Ондық өлшем бірлігі. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Сабақ: Математика Шамалар. Көлем

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сабақтың тақырыбы: Ондық өлшем бірлігі

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Геометриялық пішіндер және олардың жіктелімі

1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаттары

1.1.3.2 ** Өлшем бірліктерін пайдаланып, шамаларды өлшеу: см, дм/кг/л.

1.1.3.3 ** Ұзындық: см, дм/ масса: кг/ көлем (сыйымдылық): л/ уақыт: с. шамасы мәндерін салыстыру және шама мәндерін қосу мен алу әрекеттерін орындау.

Тілдік мақсаттар

• сыйымдылық, көлем

  • ... қарағанда үлкен, .... қарағанда кем, тең, шамамен, жуық

• салыстырыңыздар, тексеріңіздер, салыстыра отырып тексеріңіздер, көрсетіңіздер

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс

Бастапқы білім

100-ге дейін жұп, тақ сандармен, ондықтармен тура және кері санай алуы; оқуы, жазуы, бір таңбалы сандарды қосуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

Сан түзуіндегі сандар қатарын еске түсірейік.

http://www.topmarks.co.uk/ordering-and-sequencing/caterpillar-ordering

Оқушылар жазады, содан кейін мұғалім жазбасымен тексереді.

((Ұ) Оқушылар жұппен бір сызық бойына тұрады (қолдарында сандар жазылған карточкалар).

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың ортасы

30 минут

Стандартты өлшем бірліктерін пайдалану

(Ұ) Көлемді өлшеуде, жеміс-жидек шырынының тетра пакеттерін және пластмассалық бөтелкелерді қолдану. Бұл арқылы оқушыларға контейнер/қорап ыдыстардың пішіндері әртүрлі болғанмен көлемі 1литрді анықтай алатынын түсіндіру.

Заттарды өлшеуге тапсырма беріледі және нәтижелерін түсіндіреді.

Оқулықпен жұмыс / 158-159- бет/

Сергіту сәті

Сағат болайық. Тик-так, тик- так!

Құс болып ұшайық. 1-2-3-4!

Балық болып жүзейік. 1-2-3-4!

Әтеш болып жүрейік. 1-2-3-4!

Доп болып секірейік. 1-2-3-4!

Ия, ЖОҚ тапсырмасы

Таразы (1кг-дық гир) немесе салмағы 1 кг-дық күріш

Сандар тізбегі,өрнектер бейнеленген парақтар

https://iqsha.ru/uprazhneniya/1-klass/sostav-chisla/

Сабақтың соңы

2 минут

Қорытындылау

Рефлексия

-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды? Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға Көлемді өлшеуде, жеміс-жидек шырынының тетра пакеттерін және пластмассалық бөтелкелерді қолдана отырып пішіндері әртүрлі болғанмен көлемі 1литрді анықтай алатынына көз жеткізу

Әр түрлі деңгейде тапсырмалар беру арқылы анықтаймын

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу